Саяси режим - саяси билікті жүзеге асыру түрі, формасы, əдістері жəне оның салаларын ұйымдастыру қағидалары.
Бəріне белгілі саяси режимнің 3 түрі бар:
Демократия. Демократия деп халық билігі, теңдік, құқық, əділдік, еркіндік принциптеріне негізделген мемлекеттік құрылысты айтады.
Авторитаризм. Авторитарлылық - біржақты билеу, басқарушылардың бағынушыларға жүргізетін үстемдігі.
Тоталитаризм. Тоталитаризм орнаған мемлекетте қоғам өмірінің барлық саласы биліктің бақылауында болып, адам бостандығы мен конституциялық құқықтары жойылады, оппозиция мен өзге саяси ой өкілдері саяси қуғын-сүргінге ұшыратылады.
Билік бөлінісі теориясының классикалық нұсқасын жасауға ерекше үлес қосқан Ш.Монтескье (1659-1753). Ол мемлекеттік биліктің үш бүтаққа: заңшығарушы, атқарушы, сот билігіне бөлді. Бүл бүтақтардың əрқайсысы өз өкілеттігі аясында бір-бірінен тəуелсіз болуы керек. Монтескьенің пікірінше, биліктің бір адамның немесе бір органның қолында шоғырлануы жеке тұлға еркіндігін шектеп, қиянатқа апарады. Қазіргі кезде билік бөлінісі - саяси өмірдің түрі ретіндегі құқықтық мемлекет пен демократияның аса маңызды элементтерінің бірі.
18. Саяси идеология түсінігі, оның мəні, деңгейлері жəне негізгі функциялары Саяси идеология – саяси сананың жоғары деңгейі есебінде саяси билікке байланысты түрлі əлеуметтік топтардың мүдделерін бейнелейтін көзқарастардың, идеялардың, құндылықтардың жүйеленген жиынтығы болып табылады. Оның басты мақсаты əлеуметтік топтардың мүдделерін негізге ала отырып, қоғамдық проблемаларды тұтас ашып көрсету жəне оларды шешудің, туындайтын міндеттерді іске асырудың жолдары мен əдіс-амалдарын анықтау, соған көпшілікті жұмылдыру.
Саяси идеология деңгейлері - қызмет істеу деңгейлері: теориялық-түжырымдық, бағдарламалық-саяси жəне өзектілік.
НА РУССКОМ ЯСНЕЕ
Теоретический уровень, который именуют уровнем социальной философии. На этом уровне формируются, создаются, «отрабатываются» политико-идеологические теории, основные положения, раскрывающие ценности и идеалы определенного класса (нации, государства).
Программно-политический уровень – здесь теоретические требования переходят в разряд действительных лозунгов, требований, определенных действий. Практика показывает, что этот уровень часто вступает в противоречие с первым уровнем.
Актуализированный уровень - здесь рассматриваются степень освоения людьми идей, ее влияние на практическую деятельность людей, на политическое поведение
ТУТ НА КАЗАХСКОМ
Теориялық-түжырымдық деңгейде нақты тап (ұлт, мемлекет) идеалы мен құндылықтарын немесе саяси даму мақсаттарын ашатын негізгі қағидалар қалыптасады.
Бағдарламалық-саяси деңгейде əлеуметтік-философиялық принциптер мен идеалдар бағдарламаларға, саяси элитаның нақты ұрандары мен талаптарына айналады. Яғни, басқару шешімдерін қабылдаудың нормативтік негіздерін қалыптастырады. Өзектілік деңгей идеология мақсаттары мен принциптерінің азаматтармен игерілуін, оларды өз істерін- де қолдану деңгейін сипаттайды.
Саяси идеологияның негізгі функциялары:
1) Идеологияның танымдық рөлі. Ол саяси жүйені, саяси өмірді суреттеп, түсіндіреді; 2) Бағдарламалық қызметі. Ол қоғам, əлеуметтік прогресс, түлға жəне билік жəне т.с.с негізгі түсініктер туралы мағлүматтар беріп, адамның іс- əрекетіне бағыт-бағдар көрсетеді;
Жұмылдыру, іске тарту. Қоғамның жоғары, құнды идеяларын алға тартып, мақсат-мүдделерді айқындап, саяси идеология саяси іс-əрекетке тікелей түрткі болып, қоғамды, əлеуметтік топтарды оларды іске асыруға жүмылдырады, рухтандырады, шабыттандырады;
Амортизациялық қызметі. Саяси іс-əрекетті түсіндіру тəсілі болып, идеология əлеуметтік шиеленістерді бəсеңдетеді. Ұсынылған мүраттар сəтсіздіктен кейін күш жинап қайта серпілуге шақырады;
Бағалау қызметі. Идеология халық санасына қоғамның қазіргі жəне болашақтағы дамуына өлшемдік баға берерлік жағдай жасайды, үстемдік етіп отырған қоғамдық тəртіпке белгілі бір көзқарас тудырады.
19. Біздің заманымыздың негізгі идеологиялық бағыттары: либерализм, консерватизм, социализм, фашизм. Ұлттық идеология.
Либерализм — ең жоғарғы құндылық əрі басымдық ретінде жеке еркіндікті ұстанатын идеология. Либерализмнің əлеуметтік-саяси теориясы қоғамдық жəне мемлекеттік құрылымның демократиялық принциптеріне негізделеді, əлеуметтік, саяси, экономикалық қатынастардың зорлық-зомбылықсыз түрлерін ұстанады, тұлғаның еркін дамуын шектемейтін жəне əрбіріне мемлекеттік-құқықтық қорғау, адам құқы мен азамат бостандығын сақтау кепілдігін беретін қоғам құруды көздейді.
Консерватизм - саяси жəне əлеуметтік философиялық ұстаным ретінде дəстүрлі əлеуметтік институттардың сақталуын қолдайды. Консерватизм ұғымын алғаш рет саяси мағынада Франсуа Рене де Шатобриан пайдаланған.
Социализм - əлеуметтік əділеттілік пен теңдікке негізделген, мақсаттары мен мұраттары социалистік қоғам орнатумен байланысты ілім. Коммунистік құрылыстың бірінші сатысы.
Фашизм — 1919 жылы Италияда пайда болған саяси ағым, авторитарлық милитаристік ультраұлтшылдық шеңберіндегі идеология жəне қоғамдық саяси қозғалыс жəне сəйкесінше қоғам мен экономиканы қатаң басқару нысаны. Фашизм міндетті түрде ұлтшылдықты қамтиды.
Ұлттық идеология - идея жүйесі, мемлекеттік билікте ұлттың мүддесі мен құндылығын қорғайды. Ұлттық идеологиямызға тарих, тіл, мəдениет, діни-салт түсінігі жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |