Политология жауаптары


Саяси процестердің жіктелуі. Саяси процеске қатысу формалары



бет13/25
Дата08.02.2024
өлшемі290.91 Kb.
#491321
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25
ПОЛИТОЛОГИЯ ЖАУАПТАРЫ

24.Саяси процестердің жіктелуі. Саяси процеске қатысу формалары.
Саяси процесс - бұл əртүрлі субъектілердің - адамдардың, ұйымдардың, билік органдарының - саясат саласындағы қарым-қатынасын сипаттайтын оқиғалар, құбылыстар мен əрекеттер тізбегі ретінде түсініледі.

Саяси процеске қатысу түрлері: сайлауға қатысу, референдум, бұқаралық жиналыс, шеру, ереуіл

25. Саяси процесс жəне жаңғырту


Саяси процесс – күрделі құбылыс. Ол күнделікті озгерістерден бастап, қоғамның саяси жүйесінің түбегейлі өзгерісіне дейінгі аралықты қамтиды. Əлеуметтік субъектілер (топтар, таптар, жеке адамдар, т.б.) қызметінің жиынтығы. Осыған байланысты қоғамда əртұрлі өзгерістер болып отырады. Саяси жүйені тұтас алсақ, оның даму процесін 4 сатыға, кезеңге белуге болады:
1. Саяси жүйені конституциялық тұрғыдан айқындау. Ескі саяси жүйенің орнына жаңасы келгенде, ол бұрынғы мемлекеттік билікті ауыстыруы немесе оған дейінгі саяси-құқықтық құрылымды жаңарған жағдайға бейімдеуі мүмкін;2. Саяси жүйенің өзін-өзі жаңартуы. Жеңіске жектен жүйе, бір жағынан, ескінің орныққан элементтерін, ұйымдарын қайта жұмыс істетеді, екінші жағынан, жаңартып, өзгертеді;3. Саяси-басқарушылық шешімдерді қабылдау жəне жүзеге асыру. Билеуші элиталар, партиялар өздерінің оппозициялық қарсыластарымен тіл табысып, бұл қайшылықтарды дер кезінде байқап, асқындырмай, реттеп, халықтың талап-тілектері мен мүдделерін үйлестіріп, қоғамның тұтастығын, тыныштығын, тұрақтылығын сақтап, соған жағдай жасауы керек;4. Саяси жүйенің жағдайы мен іс-əрекетін бақылау. Оған саяси жүйе мен саяси процеске қатысушылардың, элиталардың жүмысында алға қойған бағдар, мақсат-мүддеден ауытқушылықты түзету, қорытынды жасау кіреді.
26. Саяси мəдениеттің типологиясы.
Саяси мəдениет (ағылш. Political culture, ағылш. Cultura – тəрбие, білім, даму) – белгілі бір қоғамға немесе əлеуметтік қауымдастыққа тəн саяси сана мен іс-əрекеттердің жиынтығы. Яғни, өкімет пен азаматтардың өзара қатынастарына байланысты тарихи қалыптасқан саяси нұсқаулар, қазыналар, адамның өзін-өзі ұстауы жөніндегі жарлық, қаулылар жүйесі. Ол қоғамдағы саяси өмірдің барлық салаларын қамтиды. Оған ең алдымен саяси сананың мəдениеті, адамдардың, топтардың, ұлттардың өзін-өзі мəдени ұстай білуі, осы жүйенің шеңберінде жұмыс істейтін саяси мекемелердің мəдениеті кіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет