Политология жауаптары


Тоталитаризмнің түсінігі жəне негізгі белгілері



бет14/25
Дата08.02.2024
өлшемі290.91 Kb.
#491321
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   25
ПОЛИТОЛОГИЯ ЖАУАПТАРЫ

27. Тоталитаризмнің түсінігі жəне негізгі белгілері


Тоталитаризм (лат. Totalіs – тұтастай, түгелдей) – деспотизмнің бір түрі. Тоталитаризм орнаған мемлекетте қоғам өмірінің барлық саласы биліктің бақылауында болып, адам бостандығы мен конституциялық құқықтары жойылады, оппозиция мен өзге саяси ой өкілдері саяси қуғын-сүргінге ұшыратылады.Барлық тоталитарлық жүйелердің ортақ 8 белгісі бар: бюрократияның бір партия арқылы саяси, экономикалық, əскери жəне идеол. Үстемдік жүргізуі; саясиланған иерархиялық əлеуметтік құрылыс; міндетті түрде қолына жоғарғы саяси, экономикалық, əскери жəне идеололгиялық билік шоғырланған көсемнің болуы; қуыршақ парламенттің болуы; қоғамды қорқынышта жəне толық бағыныштылықта ұстау мақсатымен қуғын-сүргін науқанын жүргізіп тұратын қуатты қуғындау-жазалау органы; əскерилендірілген экономика, ішкі саясаттың əскери-өндірістік кешенге тəуелділігі; мəжбүрлеуші идеологияның болуы, оған мойынсұнбау ауыр қылмыс ретінде бағалануы; қоғамда жау бейнесінің қалыптастырылуы, сол жауға деген жек көрушілік режимнің мақсатына жету жолында бұқараның жұмылуына себепші болады.

28. Г. Алмондтың саяси теориясы


Г. Алмонд төрт онжылдық бойы екінші дүниежүзілік соғыстан кейін саяси жүйені қарастыруда басқаша көзқарас дамытты. Оның көзқарасы бойынша, саяси жүйе мемлекеттік жəне мемлекеттік емес құрылымдардың саяси əрекеттерінің əр түрлі формалары болып табылады; ондай формалар əлеуметтік өзара əрекеттер факторларының табиғатымен келісілген, олар əлдебір универсалды жүйенің қызметіне сүйенбейді.

29. Тоталитарлық саяси режим, оның негіздері


Мемлекеттің қоғамға жəне жеке адамға толықтай, тұтас бақылау орнатуымен сипатталатын саяси жүйенің бір түрі. Оған тəн ерекше белгілер: азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының барынша бұзылуы; барлық деңгейдегі биліктің жоғарыдан тағайындалуы; билік бөлінісі принципінің жойылуы, яғни, биліктің барлық – атқарушы, заңшығарушы, сот тармақтарының тұтасып кетуі; басында көсемі бар бір ғана билеуші партияның болуы жəне оның мемлекетпен тұтасып кетуі; басқа партиялардың жəне ұйымдардың қызметінің ресми «қозғалыс» қызметімен алмастырылуы; қоғамның барлық мүшелеріне бір ресми идеологиялық доктринаның таңылуы; тек қана мемлекеттік нысандағы бұқаралық ақпарат құралдарының болуы, қандай да болмасын ақпараттың қатаң «сүзгіден» өткізілуі; үздіксіз əрі тұтастай зорлыққа негізделген мемлекеттік ұйымдасқан лаңкестік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет