Саяси элита - қоғамның ішіндегі аз топ, іштей жіктелген, біртекті емес, бірақ салыстырмалы интеграцияланған қоғамдық институттарда басшылық позицияларға ие жəне тікелей қоғамдағы билік шешімдеріне ықпал ететін тұлғалар тобы.
Қазақстан қазіргі элитасына кімдер жатады десек, оған Президент аппаратының құрамы (Президент, оның əкімшілігінің бастығы, орынбасарлары, бөлім басшылары, көмекшілері, кеңесшілері), Парламент, министрліктер басшылары мен орынбасарлары, дипломатиялык элита кіреді. Олардың арасында тиімді несиелер алып, бизнеспен айналысып, байығандар баршылык. Олар қаржы-каражат, экономикалық қорлар, қажетті мағлұматтарға иелік етеді.
Саяси элита функциялары: стратегиялық, коммуникативтік, ұйымдастырушылық, интегративтік.
Қалыптасу механизмі: Сонда коғамда саяси элитаны тудыратын факторлар қандай? Оларға мыналар жатады: 1) қоғамға арнайы білімі, тəжірибесі, қабілеті бар кəсіби басқарушылар керек; 2) адамдардың психологиялық (туа біткен) жəне əлеуметтік (оқу, тəрбие барысында қолы жеткен) теңсіздіктері; 3) қоғамда басқарушы еңбек жоғары бағаланады жəне ынталандырылады; 4) бұқара халықтың саяси енжарлығы, селқостығы (күнделікті өмірде əркім саясаттан шалғай өз жұмысымен айналысады).
Саяси элита стратегиялық мақсатты айқындайды, мемлекеттің ішкі жəне сыртқы саясатын белгілейді, өз жоспарларын жүзеге асырудың тетіктерін табады, қоғам алдына қойылған мақсаттардың жүзеге асуына бақылау жасайды.
Сонымен, саяси элита деп қазына-байлықты, қаржы-қаражатты бөлуге байланысты жəне т.б. саяси маңызды шешімдер қабылдауға қатысты жоғары мəртебесі мен ықпалы бар ұйымдасқан топты айтады. Қазіргі саясаттану ғылымында білімнің элитология деген арнайы саласы бар. Ол элиталардың қалыптасу жағдайын, оның қоғамдағы рөлін, əлеуметтік-саяси процестерге ықпал ету əдіс-тəсілдерін жəне т.б. зерттейді.
21.Саяси көшбасшылық жəне оның қазіргі даму тенденциялары.
Саяси көшбасшылық - саяси іс-əрекетті жүзеге асыруда халықтың немесе белгілі бір əлеуметтік топтың мүддесін толық сезініп, қорғай білетін, бойына саяси қайраткерге лайықты қасиеттерді жия білген адам жатады. Ол алға қойған мақсатқа жету үшін қаланың, аймақтың, мемлекеттің көлемінде адамдардың күш-жігерін біріктіріп, белсенді ықпал ете алады.
Саяси көшбастаушы болудың 2 жолы бар:
көпшілік халықтың мақсат-мүддесін кездейсоқ дөп басып, ойынан шығу;
ол мүдделерді мақсатты түрде тал май зерттеу нəтижесінде.
Саяси көшбасшының атқаратын қызметтері - қоғамның түбегейлі құндылықтары мен арман-аңсарлары негізінде əр түрлі топтардың басын біріктіріп, мүдделерін үйлестіру, топтастыру; халықтың, топтардың қажеттіктерін өтейтін жəне қарыштап алға басуға мүмкіндік тудыратын саяси бағыт-бағдарлама жасау; қоғам алдындағы мақсаттарды жүзеге асырудың əдістері мен тəсілдерін айқындау; халықты ынталандыру арқылы қажетті өзгерістерді іске асыру; жұртшылықпен, əр түрлі ұйым, топтармен тығыз байланыс жасау негізінде өзін-өзі саяси ұйымдастырудың тұрақты түрлерін қамтамасыз ету; əділдіктің, заңдылықтың, тəртіптің кепілі болу.
Саяси көшбасшылықтың жіктелуі - Неміс ойшылы М.Вебер саяси көш бастаушыларды топтастыруға алғаш қадам жасады. Ол саяси серкелерді "бедел" ұғымына негіздеп былай жіктеуді ұсынды:
билік əкеден балаға мирас ретінде қалатын əдет-ғұрып жетекшілігі;
ерекше қадір-қасиеті, қабілетіне (ақылдылығына, батырлығына, т.б.) байланысты билік басына келген харизматикалық топ бастар;
Конституция негізінде сайлау арқылы басшылық орынға келген саяси серкелер.
Достарыңызбен бөлісу: |