Политология жауаптары



бет9/25
Дата08.02.2024
өлшемі290.91 Kb.
#491321
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25
ПОЛИТОЛОГИЯ ЖАУАПТАРЫ

14. Биліктің заңды мəні
Саяси биліктің негізгі принципі – легитимділік болып табылады. Легитимділік сөзі – латынның «leg» — заң деген сөзінен шыққан, заңдылық деген мағынаны береді.
Легитимділік дегеніміз халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті мойындауы, оның заңдылығы мен шешімдерін растауы.
Легитимді билік өзге адамдардың мінез-құлық нормаларын реттеу билігін мойындауға негізделеді. Бірақ, бұл барлық азаматтар түгелдей дерлік осы билікті қабылдауы керек дегенді білдірмейді. Себебі, кез-келген қоғамда тəртіп бұзушылар, анархистер кездеседі.
Сондай-ақ, легитимділік барлық азаматтар осы билікті қолдауы қажет дегенді де білдірмейді. Қоғамда билікті сынаушылар, азшылықтың пікірімен келіспеушілер əрдайым болып тұрады.
Олай болса, легитимділік қабылданған заңдар мен жарлықтарды қоғамның басым бөлігі орындайды дегенді білдіреді.
Легитимділіктің екі түрі бар:

  1. либералды-демократиялық – оның жақтастары биліктің тек демократиялық жолдармен, яғни сайлау, референдум арқылы қол жеткізген түрін легитимді деп таниды;

  2. прагматикалық – жақтастары билікке ие болумен бірге қоғамдағы тұрақтылық пен тəртіпті қамтамасыз етуге қабілеті легитимді саналады.

Сонымен бірге, демократиялық жолмен қол жеткізген билік азаматтық жəне ұлтаралық соғыстарды жəне шиеленістерді тоқтата алмаса, легитимді деп танылмайды.
Билік легитимді болуы үшін екі шарт қажет: 1) ол халықтың қалауы бойынша қалыптасуы қажет; 2) конституциялық қағидаларға сай жүзеге асырылуы керек.

15. М. Вебердің билік тұжырымдамасы


М. Вебер Легитимділік терминін еңгізіп, оған анықтама берді. Легитимділік дегеніміз халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті мойындауы, оның заңдылығы мен шешімдерін растауы. Мемлекеттік биліктің заңдылығы оның легитимділігінен білінеді. М. Вебер билік басына келудегі легитимдіктің мінсіз түрлері ретінде үш үлгісін көрсеткен:

  • Əдет-ғұрыптық легитимділік. Ол сонау ерте заманнан бастап халықтың санасына сіңген салт-дəстүрге сүйенеді;

  • Харизматикалық легитимділік. Мұнда өзінің ерекше батырлығымен, адалдығымен немесе басқа үлгілі қабілет-қасиеттерімен көзге түскен адамды басшы ету;

  • Ақыл-парасаттың, құқықтың легитимтігі. Саяси билік қазіргі саяси құрылым орнатқан құқықтық ережелерге, тəртіптің ақыл-ойға сыйымдылығына негізделеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет