Политология жауаптары


Саясаттағы мақсаттар, əдістер мен құралдар



бет8/25
Дата08.02.2024
өлшемі290.91 Kb.
#491321
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   25
ПОЛИТОЛОГИЯ ЖАУАПТАРЫ

13.Саясаттағы мақсаттар, əдістер мен құралдар.
Саясатта мақсат - саясат субъектісінің мүддесі мен мұқтаждықтарына сəйкес келетін нəтижеге қол жеткізу бейнесі. Ол реттеушілік қызметін атқарады. Яғни, саясат субъектілерінің мүдделері мен мұқтаждықтарына сəйкес болашақ əлеуметтік-саяси құбылыстар моделін қалыптастыру. Мақсат үш негізгі бөліктен тұрады:

  • саясат субъектілерін қызықтыратын объекті мəні туралы білім;

  • өзінің негізі ретінде саяси мəселе;

  • саяси қызмет нəтижесіндегі болашақ туралы түсінік.

Саясаттағы əдістер- елдегі саяси тұрақтылық пен саяси жағдайды бағалауға, соның негізінде нақтылы саяси шешімдер қабылдауға көмектеседі.
Жүйелеу əдісі саяси құбылыстарды басқа күрделі құрылымның бір бөлігі ретінде қарап, оны құрайтын элементердің əлеуметтік өмірдегі орнын, қызметін айналадағы ортамен, басқа құбылыстармен байланысты зерттейді.
Социологиялық əдіс саясатты қоғам өмірінің экономикалық, əлеуметтік құрылым, мəдениет т. б. жағдайына байланысты анықтайды.
Тарихи тəсіл саяси құбылыстарды мерзімі жағынан дəйекті, заманына қарай, бұрынғы, қазіргі жəне болашақтың байланысын айқындай отырып қарастырады. Ол əр түрлі саяси оқиғаларды, процестерді, деректерді олардың болған уақыт мезгілін еске ала танып - білуді етеді.
Бихевиористік əдіс жеке адамдар мен топтардың іс - əрекетін, белгілі бір саяси жағдайларда адамдардың өздерін өздері қалай ұстауын талдауға негізделеді.Бұл əдісті жақтаушылар саяси қызметтің барлық түрлерін адамдардың іс - əрекеттерін талдау арқылы түсініп - білуге болады дейді.
Нормативтік əдіс (XIX ғасырға дейін жиі пайдаланылған) қоғамдық игілікті ең мол қамтамасыз ететін немесе адамға əуел бастан тəн ажыратылмас табиғи құқықты іске асыруға барлық мүмкіндікті жасайтын саяси құрылыстың түрін іздейді.

Саясаттағы құралдар ретінде заңнамалық құжаттар, сайлау, қоғамдық пікірлер, əскери көтерілістер, бұқаралық қуғындаулар, қарулы күштер, қаржы, идеология, демагогия, параға сатып алу, бопсалау пайдаланылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет