Пособие Көркем шығарманы талдау indd


прозалық шығармаларды талдау үлгісі



Pdf көрінісі
бет4/34
Дата20.02.2022
өлшемі1.36 Mb.
#455566
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Көркем шығарманы талдау

прозалық шығармаларды талдау үлгісі
Әдебиет пәні – өнер пәні десек, сол әдебиетті таныта білу үшін оның теориясын 
жете меңгерте білуіміз қажет. Әдеби көркем шығарманың идеялық мазмұнын игеру 
үшін сол шығарманың сюжеттік компоненттерін түсіну керек. Бұл үшін шығарманы 
меңгертуде оның мазмұнына, оқиға кезеңдеріне байланысты сұраулар қою мен 
тақырыптарға бөлдірудің үлкен маңызы бар. Сондықтан оқытылатын шығарманы 
бөлімдерге бөліп, оларға тақырыптар қою жұмыстары жүргізілгені дұрыс. М. Әуезовтің 
«Көксерек» әңгімесін өткенде оқушыларға шығарманы бөлімдерге бөліп, әр бөлімге 
мазмұны бойынша тақырыптар қою ұсынылады. Мысалы, “Кім кінәлі?” деген тақырып 
бойынша талдау жұмысын проблемалық сұрақ қою арқылы жүргізген өте тиімді.
1. Көксерек Құрмаштан гөрі ақ қасқырмен неге тез бауырласты? 
2. Қасқырлардың іс-әрекеті мен адамдардың іс-әрекетінде ұқсастық бар ма? 
Қайсысы қаталырақ?
3. Құрмаштың өліміне кім кінәлі?
4. Қасқырларды қолға үйретуге бола ма?
Ұсынылған тақырып атауларынан әр бөлімдегі мазмұнды дәл беретін қысқа біреуін 
таңдау оқушыларға тапсырылады. Осы жұмыстардан соң оқушыларға тақырып туралы 
түсінік беріледі. «Тақырып деп нені айтамыз?» деген сұрауға оқушылардың жауаптарын 
тыңдағаннан кейін, оны көркем шығармадан мысалдар келтіру арқылы тереңдету 
қажет. Әр шығарманы өткенде шығармалардағы кездесетін эпитет, теңеу, метафора
т.б. туралы әдеби теориялық білімдерін тереңдетіп отырған орынды. Сол сияқты 
көркем шығармадағы әдеби кейіпкер, диалог, кейіптеу ұғымдарының басты белгілерін 
ажырата алатын дәрежеде меңгертуіміз керек. Біз көркем шығарманы оқығанда оның 
кейіпкерлерімен танысамыз. Жазушы сол кейіпкерлерді оқырмандар ойша елестетіп 
көз алдына келтіре алатындай етіп суреттеуге тырысады, ол үшін жазушы шығарма 
кейіпкерлерінің пішінін, жүзін, тұрпатын, киімін, қимыл-қозғалысын суреттейді. Міне, 
осы әдебиетте портрет деп аталады. Оқушылардың ұғымына жеңіл болу үшін портрет 
дегеніміз жазушы кейіпкерлерінің сөзбен салынған суреті деп түсіндіреміз. Б. Майлин 
«Шұғаның белгісінде» Шұғаның портретін былай берген. «...Аққұба, талдырмаш, көзі 
қап-қара, осы, үріп ауызға салғандай еді». Бұл Шұғаның өзгермейтін, қимылсыз кескіні. 
Автор портретті бір жерде ғана емес, шығарманың өн бойында біртіндеп жасауы мүмкін 
екендігі, сөйтіп портрет оқырман қаһарманның сырт пішінін көруге, бастан кешірген 
сезімін, мінез ерекшелігін түсінуіне көмектесетінін оқушының жете түсінгені дұрыс. 
Мысалы, Б. Майлин «Шұғаның белгісі» хикаятында Күлзипаны «Орта бойлы, қара сұрлау, 
тік қабақ, сұстаныңқырап тұратын адам еді» деп кескіндей отырып, оның салқындығын 
сездіргендей. «Қара сұр, тік қабақ, сұсты» қыз келбетінен қатігез, рақымсыздық лебі 
ескендей. Теориялық түсінікті сабақты тиянақтау мақсатында қолданған жөн. Сонымен 
қатар, бір әңгіменің бойындағы теориялық ұғымдарды мысалдар арқылы оқушының 
санасына сіңіре білу қажет. Мысалы:
мінездеу: «Өзі ұзындау, өзі бейғамдау Әбди деген бір жолдасымыз ауырып қашып 
кете алмай қалып еді, қуалай жанына шыбыртқыны шып-шып еткізді. Қамшыдан 


8
қайқалақтаған Әбдидің арық қабырғасы ыржың-ыржың етіп, екі қолымен арқасын 
уқалап, «ағатайлаған» дауысы тым ащы шықты».


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет