Пособие Көркем шығарманы талдау indd



Pdf көрінісі
бет6/34
Дата20.02.2022
өлшемі1.36 Mb.
#455566
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Көркем шығарманы талдау

Бөлімі
Сюжеті
Композициясы
І
Қарт ананың Лиданы қаладан әкетуі жөніндегі байламы. Орман 
жақты бағдарлап қайтуы, партизандарға жолығуы
Байланысы
ІІ
Қаладағы аса қасиетті ескерткіштің қирауы. Қалаға жау әскерлерінің 
келіп қалуы. Қарт ананың орманға қашып шығуға үлгере алмауы
Оқиғалардың 
шиеленісуі
ІІІ
Мектепке келген неміс офицерлері қарт ананы Лидамен бірге түн 
ішінде аязды далаға қуып шығуы. Өзегі өртенген қарт ананың ендігі 
ойы қайткендед де кек алуға тіреледі
Оқиғаның 
шарықтау шегі
ІҮ
Кек қалай алынды! Наталья мектепке қалай бұрылғанда бір ғана гүрс 
етіп, мектеп үйі аспанға ұшты
Оқиғаның 
шешімі
Көркем әдебиет шығармасының құрылысын композиция дейді. Ал оқиға желісін, 
оның дамуын сюжет дейді. Жазушы шығарманы қызықты, тартымды ету үшін оның 


9
құрылысын-композициясын әр түрлі етіп құрады. Кейде шығарма оқиғасы тіпті 
шешімнің өзінен де басталып кетуі мүмкін. Мұндай жағдайда жазушы оқиғаның 
байланысын шегіністен бастайды. Повестің көркемдік ерекшелігін таныту дегеніміз 
оның ішкі заңдылығын ашу, сюжеттік жағдаяттарын талдау, жазушының стилі мен тіл 
көркемдігін, образ жасау шеберлігін ашу, оларды дәлелдерлік шығармадан үзінділер 
оқыту, оқушы еңбегін шығармашылық дәрежеге көтеру деген сөз. Сонымен қатар 
оқушылар әңгіме мен повестің айырмашылығын білуі қажет. Оқушылар әңгіме көлемі 
қысқа, нақты эпизодтық сюжетке құрылған, көркем қара сөзбен жазылатын шығарма 
екенін, әңгіменің басталуы, дамуы, шарықтауы, шешімі болатынын білгенімен оны 
повестен ажырата алмауы мүмкін. Сондықтан повесть пен әңгіменің айырмашылығын 
салыстыра отырып түсіндірген дұрыс. Повесте кейіпкерлердің бірнеше эпизодтық іс-
әрекеттері, өмір шындығының маңызды бір кезеңі суреттелетіндігін, сюжет желісінің 
күрделілігін, кейіпкерлердің көбірек болатынын оқушы санасына сіңіре білу керек.
4
Мысалы, М. Әуезовтің «Көксерек» әңгімесін өткен кезде туындының композициялық 
құрылысына талдау жасата отырып, оқушы повесть пен әңгіменің ерекшелігін өзі түсініп, 
ажырата білуіне мүмкіндік туғызу қажет. 
Оқиғаның басталуы – Қараадыр қасқырлар мекені. Тағылар тірлігі. 
Байланысы – Адамдар шабуылы. Бөлтіріктер тағдыры. Қаталдық.
Дамуы – Бөлтіріктің Көксерек атануы. Оның адамдардан көрген жәбірі.
Шарықтау шегі – Көксерек және Құрмаш. Баланың таза көңілі, мейірімі.
Шиеленісуі – Көксеректің ауылдан кетуі. Ұяластарымен тез табысуы. Тағылардың 
тағылық істері.
Шешімі – Құрмаштың қазасы. Көксеректің жазасын тартуы. Әже зары деп айтуға 
болады.
Әдебиет сабағындағы ең басты – құрал көркем мәтіннің (текст) өзі. Сондықтан 
көркем мәтінді эмоциялық тұрғыдан әрі саналы түрде игеруді бірінші кезектегі 
мәселе деп қараған жөн. Шығарма тексін оқу, оның идеялық мазмұны мен көркемдік 
ерекшелігін түсінудің ең басты сатысы болып табылады. Шығарманы оқып үйренудің 
әдісі оның жанрлық сипаты мен көркемдік ерекшелігіне және көлеміне де байланысты 
болады. Ал шығарманың композициясы, тілі, табиғи суреттемелері сол туындының 
идеялық мазмұнын ашатын құралдары ретінде қаралады. Әдебиет теориясын білу 
арқылы оқушы жазушылардың өз шығармаларында шебер көрсеткен өмір суреті 
мен адам образын жасау құралдарымен танысады. Ол құрал – ең алдымен сөз 
екенін біледі. Әрбір ұстаз жаңа технология арқылы белсенді оқыту тәсілдерін тиімді 
пайдаланып, сабақта қолданып отырса әдебиет пәнінен сапалы білім берілетіні 
ақиқат. Сол әдістің негізгілерінің бірі – көркем шығарманы оқығанда талдау 
жұмысын жүргізіп оқыту. Себебі шығарманы танып, меңгермей әдебиетті түсіну 
мүмкін емес. Мысалы, Б. Майлиннің «Шұғаның белгісін» оқу кезінде оқушыларды 
хикаяттың композициялық құрылымын түсіне, талдай отырып оқуға бағыттаса, әр 
оқушы талдау арқылы шығарманың толық сюжетін, композициялық құрылымын 
меңгере алады. Сыныпты топқа бөле отырып, әр топқа шығарманың композициялық 
құрылымын анықтауға арналған тапсырма берген дұрыс. Сол тапсырмалар арқылы 
оқушылар шығарманың композициялық құрылымына төмендегідей талдау жасайды. 
Оқиғаның басталуы: Әсем пейзаж. Обашық. «Тарғыл өгіз сойған» «Шұғаның белгісі» 
қалай атанады?
Дамуы: «Сықырлауықтан сығалаған сұлу сезім». Әбдірахманды Шұғаның тұңғыш 
көруі.
Өрбуі: Адамдар тағдырына негізделген. «Махаббаттың маздаған отына су шашу» 
Шиеленісуі: Екеуінің махаббаты.
Шарықтау шегі: Ауру Шұға.
Шешімі: Шұға десе Шұға еді-ау! Үзілген үміт.


10


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет