Пособие Көркем шығарманы талдау indd


Әдеби талдаудың принциптері



Pdf көрінісі
бет3/34
Дата20.02.2022
өлшемі1.36 Mb.
#455566
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Көркем шығарманы талдау

Әдеби талдаудың принциптері
Талдау, оның ішінде әдеби талдау дегеніміз не? «Талдау» сөзінің ең алғашқы 
терминологиялық мағынасы – зат пен құбылысты аңғарып танып-білу жолдарының бір 
көрінісі. Көркем шығарманы зерттеп біле отырып, ол қалай және қандай амал-тәсілмен 
жазылса да, оның көркемдік тұтастығын әрқашан ой-санамызда берік ұстауға тиіспіз. 
Көркем шығарманың кез келген ең шағын деталін, оның кез келген құрамдас бөлігін 
қарастыра аламыз. Әдеби талдау өзінің нағыз, дұрыс мағынасында – әдеби шығарманы 
кез келген бөліктер мен бөлшектерге бөлу емес, тек осылай талдау шығарманы терең 
түсініп білуге көмектеседі. Суреткер ойы шығармада ешқашан анық көрінбейді, тереңде 
«жасырынып жатады». Шығармаға талдау жасай отырып, біз оқушыны суреткердің ой-
мақсатын ашуға бағыттап үйретуіміз керек. Талдау үстінде ғана танылатын үлкенді-кішілі 
жаңалықтар әрқашан тұтастықпен байланысты болуы тиіс. Сонда ғана әдеби талдау 
нәтижелі болады. Талдау кезінде суреткер үшін, талданатын шығарма үшін айрықша 
мәнді тұстарына назар аудару керек. Яғни, көркем тұтастық аясында көркем бөлікке көз 
жібереміз. Мұндай жағдайда көркем бөлік – талдаудың алғашқы материалы, ал көркем 
тұтастық – оның соңғы нәтижесі болады. Кейде барлық көркемдік құрылым (мысалы, 
шығарманың жазылу тарихы) үшін жалпы маңызы бар ірі құбылыс маңында талдау 
жасау іске асырылады. Шығарманы терең меңгеруге негізделген кез келген жағдайдағы 
талдаудың дұрыс қолданылған амал-тәсілдері көркемдік тұтастыққа алып келетіні 
сөзсіз. Кез келген талдау өзінің алдына көркем туындының қөрінбей жасырын тұрған 
жақтарына болжай түсуді мақсат етіп қойған жағдайда ғана ол проблемалық сипатқа ие 
болады. Әдебиет пәні шәкіртті өнер туындысын тануға үйретеді, оны ой көзімен пайымдау 
үшін қажетті біліммен қатар, дағды қалыптастырады. Бұл орайда шығарманы үстірт 
оқумен шектелмей, ондағы кейіпкер тағдырына ортақтасып, мазмұн мен түп бірлігін, 
көркемдік деңгейін, сөз астарын, түрлі деталь қызметін, мәнін аңғара білуге тиіс. Осыдан 
келіп шығармамен жұмыс істеуде әдеби талдауды жетік меңгерудің керектігі туындайды. 
Оқушының көркем шығарманы қызыға оқуы жазушының стиліне, шеберлігіне тікелей 
байланысты. Ондағы сомдалған кейіпкерлерге өзіндік баға беруге машықтандыру, 
жазушының ұстанған бағытын, шығарманың идеясын, көркемдік деңгейін танып-біліп, 
салыстыра отырып және таңдай алатын талғампаздыққа жетелеу, дағдыландыру көркем 
туындымен жұмыс істеудің басты міндеттері болып табылады. Оқылған шығарманы 
мазмұн мен пішін бірлігінде талдау – өзекті мәселе. Ол үшін эстетикалық талдау әдістерін 
– проблеманы талдау, тақырыптық талдау, образ бойынша талдау әдістерін шығарманың 
жанрлық, көркемдік ерекшелігіне орай қолданған жөн. Көркем шығарманы оқыту адам 
өмірі, оның өмір сүріп отырған ортасы, заман ағымы, тіпті табиғи мекенжайымен тығыз 
байланысты десек, осының бәрін оқушы санасына жеткізе білу – сыншы Белинский 
айтқандай «Ақын образбен сөйлейді, ол шындыққа сай дәлелдемей, көзге елестетеді» 
деген қағиданы жүзеге асыру деген сөз. Демек, кейіпкер тұлғасы – кез келген өнерде 
негізгі буын, ең негізгі түп-тамыр. Әдеби шығарманы үйретуде оқушылардың қоршаған 
орта туралы түсінігін қалыптастыру, қоршаған ортаның әлеуметтік мәселелерін алып 
көрсетуде жеке кейіпкерлер тұлғасын таныта білу әдебиетші-ұстаздың басты міндеті 
екені белгілі. Осы орайда көркем шығарманың бүкіл композициялық құрылымы мен 
идеялық түйінін ашуда сюжеттік желі ерекше орын алатынын, ол тағы да көркем бейнеге 
келіп тірелетінін есте ұстау керек. Талданатын көркем туындының мазмұны таныс болуы 
керек. Б. Сланов «Кейіпкер бейнесін талдау» /А., 1990/ атты кітабында көркем бейнені 
талдауда мұғалімдерге төмендегідей тәсілдерді ұсынады:
1. Кейіпкер портреті, іс-әрекеті, оның ішкі психологиясы жайлы автордың өз 
ойын білдіреді.


6
2. Көркем бейнеге тән ерекшеліктерді өзге кейіпкерлерді сөйлету жолымен 
көрсетеді.
3. Әдеби бейне /кейіпкер сөзін/, ішкі толғаныстарын, ой-пікірін /монологін/ 
келтіріп танытады.
4. Қаһармандар табиғатын оларды бір-біріне қарама-қарсы қою әдісімен / диалог, 
әңгімелестіру, т.б/көрсете алуына қарай әдеби кейіпкер характерін танытуы.
Авторлық мақсат шығарма мақсатына байланысты түпкі нысанаға жетелейді. 
Кейіпкер портреті шығарма ішінде бір ғана оқиғамен ашыла салмайды. Автор айтып 
отырған «өзге кейіпкер» – шығармадағы басты тұлғаны ашуға себепші болатын 
образдар. Кез келген шығармада кейіпкер монологі не өзіндік толғанысы, іс-әрекеті 
оның көркем бейнесін ашатыны анық. Көркем шығармадағы кейіпкерлердің ірілі-
ұсақты әрекеті, толғанысы, өмірге көзқарасы, қоршаған дүниені қиялдауы, басқалармен 
қарым-қатынасы, ой-пікірі, тіпті сөз сөйлеуі – олардың бәрі де (кейіпкерлердің) 
бейнесін ашатын негізгі детальдар. Кейіпкерлер жүйесін қарастыру үшін романнан 
іріктеліп алынтын үзінділер, дәлелдеулер дұрыс таңдалғаны жөн. Мәтінге жүгіну, көркем 
шығарманың өзіне терең үңілу – ой мен логикалық-психологиялық жағынан қолдануға 
тиіс кейіпкер тұлғасын ерекшелейтін детальдарын нақты таба білу деген сөз. Шығарма 
талдауда жазушының тіл шеберлігін зерттей отырудың мәні зор. Шығарма тілін жазушы 
тілі және кейіпкерлер (персонаждар) тілі деп бөлуге болады. Көркем туындының бүкіл 
өн бойы осы тілден, тілді құрайтын сөздерден туады. Сондықтан тілдің мәні, атқаратын 
қызметі зор. Көркем шығармадағы кейіпкерлердің орнын, ой-мақсатын оның сөйлесу тілі 
арқылы айқындауға болады. Тілдік ерешеліктерді талдауда жазушының жекелеген сөз 
қолданыстары мен сөйлемдер контексіне, түрлі бейнелегіш тәсілдері мен автордың өзіне 
тән мәнеріне назар аударылуы тиіс. Көркем шығармадан алынатын цитата, үзінділер 
жазушы жасаған көркем бейнелердің ішкі жан-дүниесін, тұлғасын, образ жасау үшін 
романдағы алатын орнын айқындауға сөзсіз көмегін тигізуі шарт. Әр образға талдау 
жасау, баға беру үстінде оқушы кейіпкер бейнесін оның өскен ортасымен, қоғамдық 
сипатқа сай, сол дәуірмен байланыста айтып бере білуі қажет. Әр шығарма өзінің 
мазмұны мен формасы жағынан әр басқа болатыны сияқты, оны талдау да алуан түрлі 
тәсілді талап етеді. Талдауды бірыңғай сызбаға (схемаға) құруға болмайды. Алайда көркем 
шығарманы талдау барысында айтылар ойды негізгі мәселелердің төңірегінен өрбітіп 
отыратын жүйелілік қажет.
1
Қазақ әдебиетінің классикалық туындысы «Абай жолы» 
эпопеясын алайық. Көркем шығармадағы сюжет пен композициядан бастап, әрбір деталь, 
көркемдік тәсіл белгілі бір ойға, мақсатқа негізделеді. «Абай жолына» назар аударайық. 
Мысалы, бірінші кітаптың басталуы мен аяқталуына көз салайық. Жазушы осы екі сәтте 
де пейзажды психологиялық қалыпты аңғарту үшін қолданып тұр. «Жазықсыз сары 
биік, көкшіл қоныс, ақ көделі әдемі өлке мұнарланады. Барлық айналадағы кең дүниеге, 
әсіресе мына өзі сахара, өлке белдеріне соншалық бір туысқандық ыстық сезіммен
кешіріммен де қарайды. Үзілмей, қатаймай бір қалыппен желпіп соққан әдемі салқын 
қоңыр жел қандай рахат!? Осы желмен құлпыра, толқып, су бетіндегі жыбыр қағып 
шалқып жатқан алкүрең көде мен селеу далалары... дала емес – теңіздері қандай!? Сол 
даладан көз алмай, үнсіз телміріп, ұзақ-ұзақ қарайды» /М. Әуезов. А. 1979/.
Жазушы алуан түсті гүлге оранған жасыл дала, кең дүние көрінісін, жас Абайдың 
албырт көңіліне, ауылдан кеткен сәттен әлі өзгермеген мөлдір сезіміне, кіршіксіз түсінігіне 
орайластыра суреттеген. Ал осы бірінші кітаптың соңғы бетінде: «Абайдың Ақшоқыға 
соға кететін жұмысы бар-ды. Ордадан шығып солай қисая жүрді. Жол жоқ. Бірақ қар 
жұқа болатын. Ербол екеуі сар желіп отырып, Есембайды бауырлап кеп Тақырбұлақ 
тұсындағы жолға түсті. Бір шақта, қаладағы оқудан қайтып келе жатып, ауылды аңсап, 
асығып шапқан көк жазығы осы еді. Қазірде аппақ суық қар басқан. Алыстағы жоталар 
мен айналадағы өлкелер де панасыз, жүдеу. Айықпас ауыр мұңға батқан. Бір күнде Абай 
көңіліне панасыз, кемтар көрінетін бар сахарасының, бар халқының күйі де осы реңдес. 


7
Бір кезде нанғыш, таза бала жүрегі, барлық рахат, бақыт осы қырда, ауылда деп алас 
ұрған болса, қазір Абай қайта жортып келеді» (407-бет).
Есембай, Тақырбұлақ аталатын бір жердің екі түрлі суреті, көрінісі, екі түрлі 
әсері көз алдымызға келеді. Бір ғана Абайдың екі түрлі сезімін, өміріндегі екі түрлі 
психологиялық сәтін көреміз. Кітаптың басында оқудан қайтқан жас Абай көгілдір әлем 
көмкерген шалқар дүние, шуақты көктем құшағында келе жатыр еді. Кітаптың соңында 
ауылынан қалаға қайта аттанған Абай ызғарлы жел қуырып, суық сорған жүдеу далада 
бара жатады. Абай өмірінің үлкен кезеңін салыстыра отырып, психологиялық құбылу, 
сана мен өмір өзгерісін табиғат әлемімен астастыра бейнелейді
1.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет