Практическая работа по развитию способности к выразительному чтению через произведения разных жанров по «Литературному чтению»


Мысық: Сол айтқаныңды мен орындаймын. Қане, көрсетші, сұмырай  ұры тышқандарды!  Шал



Pdf көрінісі
бет73/100
Дата19.07.2023
өлшемі2.94 Mb.
#475729
түріПрактическая работа
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   100
4. Развитие навыков выразительного чтения

    Бұл бет үшін навигация:
  • Мысық
Мысық: Сол айтқаныңды мен орындаймын. Қане, көрсетші, сұмырай 
ұры тышқандарды! 
Шал: Ендеше, бері жүр. 
(Шал мысыққа қамбаның есігін ашып береді.
Мысық құжынаған тышқандарды көреді.) 
Мысық: Енді, есікті жауып қой да, кете бер. 
(Үй-үйдің арасын шарлап, аштықтан ішегі шұрылдап, қарны қабысып 
жүрген мысық қалың тышқанмен айқаса кетеді. Əп-сəтте бес-алтауын 
ұстап, қылғып салады да, тойынып алады. Үйсіз-күйсіз айдалада қаңғып 
жүруші еді, енді су өтіп, жаңбыр тимейтін қамбада тұратын болады. 
Сөйтіп, біраз уақыттан кейін тышқандар бұл маңнан біржолата безіп
жоламай кетіпті. Соның салдарынан тамағы азая бастаған мысық кемпір 
мен шалға келіп былай дейді.) 
Мысық: Қане, тағы қандай жұмыстарың бар?
(Кемпір мысықтың жылтылдаған жүнін сипалап, еркелетеді.
Тышқаннан құтылғандарына қуанады). 
Шал: Не қалайсың, қане айт, тілегіңді орындауға əзірмін. 
Мысық: Мен көп нəрсе сұрамаймын. Менің жалғыз-ақ тілегім бар. Тек 
үйлеріңнің бір бұрышынан орын берсеңдер болғаны.
(Кемпір мен шал мысықтың қалауын қабыл алып, үйлеріне кіргізеді. 
Мысыққа үй ішінде не істесе де ерік беріпті. Қайда жатам десе де тыйым 
салмапты. Үшеуі тату-тəтті бірге тұратын болыпты. Мысыққа кемпір 
күніне бір тостаған сүт береді. Сүтке тойып алған мысық жылы үйде 
пырылдап ұйықтап жатады. Тамақ іздеп, ешқайда қаңғырмайды. Бір күні 
түн ішінде шалдың қорасына қасқыр түсіп, бір-екі қойын жеп, басқасын 
жаралап кетеді. Мұны көріп шал қатты қамығады.) 
Шал: Осы қойдың сүтін қорек етуші едік. Енді, қалай күн көреміз? Бұл 
зұлымдардың зауалын беретін біреу табыла ма? 
(Сол кезде мысық шалдың қасына келеді де,
құйрығын бұлғаңдатып, еркелей сөйлейді.) 
Мысық: Бар ондай батыр. Мен соны іздеп тауып, ертіп келейін. 
(Мысық жалпақ даланы шарлап, итті издейді. Бір кезде жер 
тіміскелеп, сүмеңдеп жүрген итті көреді. Қасына барады.) 
Мысық: Мен сені іздеп келдім. Саған бір ақыл айтайын. Бүйтіп 
көрінген інді қазып, сүмеңдей тіміскеленіп жүргенше, адамның қорасын 
күзетсең, қарның тоқ болады. Жылы, жайлы жерде тұрасың.
(Аштықтан бұралып жүрген ит айтқанына көнеді.) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   100




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет