124
(Қойдың тегенедей құйрығын төрт-ақ асап, толғап-толғап, қылғи
салады. Қарны тойып, қарық болған қасқыр аузын кере қарыс ашып,
ыңыранып, бір керіліп алады да, жорта жөнеледі. Түлкі іші біліп, миығынан
күліп, қасқырдың соңынан келе жатты).
Түлкі: Апырай, Қасеке-ай, əлгі май құйрықтан
тым болмаса бір асым
дəм де татырмадыңыз-ау, ə?
Қасқыр: Түке-ау, мұрныңа майдың иісі барғаны да жетпей ме!
(Қомағай көкжал қарқ-қарқ күлді. Біраздан кейін қасқырдың көзі
алақтап, тілі салақтап, жанын қоярға жер таппай, дөңбекшиді де қалады.)
Түлкі: Е-е... құйрық жейтін батырмысың, жан бергелі жатырмысың?!
(Түлкі қу сықылақтай кеп күледі.)
Қасқыр: Емің бар ма, Түлкіжан-ау... Түкешім, аясаңшы ағаңды.
(деуге
қасқырдың тілі əрең келіпті.)
(У барған ішке су барса, тез өлтіретінін түлкі білді.)
Түлкі: Удың емі су болады, қасеке. Су ішсең,
жаның қалады, сəтін
салса.
(Қасқыр бар қалған күшін жинап, суды тілімен жалап-жалап алады
да, қалпақтай ұшып түседі.)
Достарыңызбен бөлісу: