123
қараңғылығы сейіліп, бозарып таң атқан кезде бір қасқыр қой қораға
ентелеп жетіп келеді. Аңдып жатқан ит шап беріп, алқымынан ала түседі.
Қасқыр өлдім-талдым дегенде зорға құтылып, қаша жөнеледі. Иттің
ерлігін көрген кемпір мен шал мəз болады.)
Шал: Сен де бір ер жүрек екенсің!
Кемпір: Кел, енді мен сені тамаққа тойдырайын.
Шал: Есік алдына саған үлкен үйшік салып беремін.
(Итті тамаққа тойдырады. Есік алдына үйшік салып береді.)
Автор: Сөйтіп, кемпір мен шал, мысық, ит – төртеуі
біріне-бірі
көмектесіп, қамсыз тұра береді. Мысық пен ит адам баласының қолына ең
алғаш осылайша үйреніпті.
БАТПАН ҚҰЙРЫҚ
Қатысқандар:
Түлкі
Қасқыр
(Қарны ашқан қасқыр тамақ іздеп, арсалаңдап келе жатады. Сол
кезде түлкі жолығады.)
Түлкі: Қасеке, жолың болсын! Қайда жортып барасың?
Қасқыр: Түкем, қарным ашты. Тамақ іздеп барамын.
Түлкі: Қасеке-ай, менің де
қарным ашып келе жатыр еді, өзің
кездестің, жолым болады екен. Бірге іздейік.
Қасқыр: Ал, түке, ендеше баста.
(Қасқыр мен түлкі жорта жөнелді. Бір мезгілде төңкеріліп жатқан
қойдың тегендей құйрығына тап болады. Қуанғаннан қасқырдың екі көзі
сексеуілдің шоғындай жайнап кетеді. Оп-оңай табыла қалған тамаққа
таңырқап, түлкіден сұрайды.)
Қасқыр: Түке, түке,
бұл неғылған батпан құйрық, тегіннен тегін
айдалада жатқан құйрық?!
Достарыңызбен бөлісу: