Практическая работа по развитию способности к выразительному чтению через произведения разных жанров по «Литературному чтению»


Саққұлақ: Мен ойнап тиістім ғой.  Шөжек



Pdf көрінісі
бет72/100
Дата19.07.2023
өлшемі2.94 Mb.
#475729
түріПрактическая работа
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   100
4. Развитие навыков выразительного чтения

Саққұлақ: Мен ойнап тиістім ғой. 
Шөжек: Ойнап тиіскенің сондай болса, сонда шындап тиіскенің қандай 
болмақ? 
Саққұлақ: Кешіріңдерші мені, Шөжек, Көжек, Марғау, мен енді 
сендерді ешқашан ренжітпеймін. 
Шөжек: Не істейміз, кешіреміз бе? 
Марғау: Кешіріп, бəріміз дос болайық! 
Шөжек: Жарайды, онда бəріміз адал дос болайық! 
Көжек: Не жетеді нағыз досқа, асылға, 
Қуансаң да, қайғырсаң да қасыңда. 
Ұйықтамасаң ұйықтамайды ол-дағы 
Қуанады сен қуансаң болғаны. 
Шөжек: Ендеше, достығымыздың құрметіне əн шырқайық. 
Бəрі: Шырқасақ, шырқайық. 
(Осы кезде И.Нүсіпбаев «Дос болайық бəріміз» əні орындалады. 
Бəрі бірге би билейді.) 
Саққұлақ: Теңдесі жоқ, бір ғажайып, 
Шіркін жасап, бір қалайық. 
Тағы да бір шырқатайық, 
Шөжек: Жоқ, би билеп дулатайық! 
Бəрі: Дулатайық, дулатайық! 
 
ИТ ПЕН МЫСЫҚ АДАМҒА ҚАЛАЙ ҮЙРЕНДІ? 
 
Қатысқандар:
Шал 
Кемпір 
Мысық 
Ит 
 
Автор: Баяғы заманда бір кемпір мен шал болыпты. Балалары жоқ 
екен. Шал егін егіп, жинаған астығын қамбаға тығып қояды да, үнемдеп, 
шетінен базарға алып барып сатып, шай-тұзын айырады екен. Бір күні шал 
қамбадағы астығынан алып, базарға апарып сатпақ болады. Қамбаның есігін 
ашып қалса, тышқандардың өріп жүргенін көреді. Бірде-бір дəні бүтін астық 
қалмапты. Тышқандар жегенін жеп, жемегенін ортасынан қақ бөліп, шаша 
беріпті. Мұның зардабынан кемпір мен шал қатты қайғырады. 
Шал: Кемпір-ау, қамбадағы бар астықты тышқан жеп қойыпты. 
Кемпір: Осы астықпен күн көруші едік, енді қайтеміз? 
(Сол кезде бұлардың тұсынан өтіп бара жатқан мысық мұның естіп, 
қастарына келеді.) 
Мысық: Неге сонша қайғырып тұрсыңдар?


122 
Шал: Қайғырмай қайтейік? Алаяқ тышқандар қамбадағы астығымызды 
талан-таражға салыпты. Соның жазасың беретін біреу табылар ма екен бұл 
дүниеден? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   100




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет