2.2.9. Судың микрофлорасы. Судың коли-титрін анықтау
Жергілікті суқоймалар немесе артезиан көздерінен суды қолданғанда
айына бір рет микробиологиялық талдау жүргізу қажет, себебі су
технологиялық үдеріс пен дайын өнімге нан пісіру өндірісі жағдайында
көбейе алатын түрлі микроағзалардың: сапрофит, патогенді түрлерінің ену
көзі болуы мүмкін. Судағы бактерияның сандық есебі судын тазалығының
көрсеткіші деп анықтауға болады [14].
Материал жəне құрал-жабдықтар:
Микроскоп, стерилді МПА пробиркада, стерилді Петри табақшасы,
стерилді пипеткалар 1мл, 9мл стерилді сумен пробиркалар, су моншасы,
электрпеші, термометр, су құбырынан алынған су (колба немесе пробирка),
ашық су қоймасынан су, спирт шамы, стерилді шыны шпатель,
микробиологиялық ілгек, шыны, бояулар, тушь.
Қатты қоректік орта ретінде стерилді МПА колданылады. Ашық су
құбырынан су алып, 5-10 мөлшерде жəне стерилді мақта тығынымен жабады.
Су үлгілерін температурасы 4
0
С жоғары емес жəне 3 сағаттан аспауы керек.
Сандық есеп үшін зерттелетін суды ажыратады. Ажырату келесі түрде
орындалады. 9мл стерилді суға бірнеше пробирканы дайындайды.
Пробиркаларды номерлейді. Стерилді пипеткамен 1мл зерттелетін суды
алып, №1 пробиркаға 9мл стерилді су енгізеді, тығынды жəне пробирканың
аузын спирт жалынында күйдіреді. Ауаны үрлеу жолымен суды
араластырып, жаңа стерилді пипетка арқылы №1 пробиркадан 1мл алып, №2
пробиркаға енгізеді.
Суды араластырғаннан соң №2-ші пробиркадан стерилді пипеткамен
1мл алып, №3-ші пробиркаға енгізеді. Стерилді Петри табақшасына су
моншасында балқыған МПА қоректік ортаны 10мл мөлшерде салынады.
Петри табақшасы жауып, суытады. Соңғы ажыраған пробиркадан стерилді
пипеткамен 0,2мл су алып, шынының қақпағын ашып, табақшаның бетіне
пипеткадан суды құяды жəне стерилді шыны шпательмен бет бойы
тегістейді. Табақшаны жауып, этикетка жапсырады. Су табақшаға сіну керек,
температурасы 20-25
0
С термостатқа қояды, кақпақта су буы
конденсацияланбау үшін түбімен жоғары қою керек [14].
Соңғы ажыраған пробиркадан 1мл суды стерилді Петри табақшасы
түбіне, үстіне балқыған коректік ортаны құйып, температурасы 45
0
С-тан
жоғары болмау керек. Табақшаны жауып, қоректік ортамен абайлап шайқап,
шыны түбіне бірқалыпты тегістейді. Соңғы ажыраған пробиркадан 1мл суды
алып, стерилді тегістелген ортаны пробиркаға енгізеді, температурасы 45
0
С-
тан жоғары болмауы керек. Пробирканы жауып, тез араластырады жəне
стерилді Петри табақшасына бар бетін түбі бойымен коректік ортаны
тегістеп, табақша қатаю керек, шыныны этикеткамен таңбалап, термостатқа
қояды. Соңғы əдіс коректік орта мен су араластырудың ең колайлысы 3 рет
қайталаудан кем болмау керек. 3-5 тəуліктен соң 1мл судағы Петри
98
табақшасындағы колониялар мен бактериялардың мөлшерін санайды.
Зерттеудің мəліметін кесте түрінде көрсетеді [14].
Достарыңызбен бөлісу: |