14. Нан пісіру, макарон және кондитерлік өндірісінің технологиясы бойынша зертханалық практикум
2.4.1. Сүттегі антибиотиктерді анықтау Сүттегі антибиотиктер бөтен заттар болып табылады, оған желінуді
тікелей емдегенде немесе жанама түрде, жем арқылы немесе жануардың өзін
емдегенде түсуі мүмкін. Сүтте антибиотиктерді анықтау əдістері
антибиотиктерге сезімтал микроағзалардың сүтінде стрептококк түрінің
дамуы кезінде кесазуриннің немесе метилен көкінің қалпына келтірілуіне
негізделген [12].
Бұл əдіс пенициллинді 0,01мл - ден, стрептомицин 30мкг/мл - ден,
тетрациклин - 1МЕ/мл-ден, олеандомицин- 10МЕ/мл-ден анықтауға
мүмкіндік береді.
Таза пробиркаға зерттелетін сүтті 10мл құяды, резеңке тығынмен
жабады жəне су моншасында 85-90
0
С-қа дейін 10минут ұстай отырып
қыздырады, содан кейін 42-45
0
С-қа дейін салқындатады. Осыдан кейін
пробиркаға 0,3мл жұмыс тест-дақыл стерилді пипеткамен енгізеді.
Пробирканың ішіндегісін 3рет төңкеру жолымен мұқият араластырады,
содан кейін пробирканы 42-43
0
С температурада 1 сағат 40минут - 2 сағат
20минут бойы су моншасында ұстайды. Содан кейін пробиркаға
температурасы 18-20
0
С төмен емес розазуриннің 1мл 0,05% ерітіндісін
енгізеді жəне пробирканы орап, мұқият араластырады. Сүт пен розазурині
бар пробирканы 42-43
0
С кезінде 15 минут бойы ұстайды.
Метиленді көгілдір қолданған жағдайда оны 0,1мл 0,5% ерітіндісі
мөлшерінде бір мезгілде енгізеді. Резазурин мен метилен көгілдір
ерітінділері тазартылған қайнатылған суда дайындалады [12].
Жұмыс
қорытындысы:
сүтте
антибиотиктер,
термофильді
стрептококкпен бөлінетін ферменттер болмағанда бояғыш қалпына
келтіріледі жəне сүттің ақ немесе мөлдір түсі болады. Антибиотиктер болған
жағдайда, олар оның дамуын тежейді, нəтижесінде ол ферменттерді
өндірмейді жəне бояғыштар қалпына келтірілмейді. Бұл ретте сүт олардың
түсіне боялған: резазуринмен болғанда - болат көк, көк-күлгін, метиленмен
болғанда - көгілдір. Биіктігі 1см сүттің бетінде пробиркада түзілетін көгілдір
сақина ескерілмейді [12].