Практикум 1219000 «Нан пісіру, макарон жəне кондитерлік өндірісі»


І. НАН ПІСІРУ, МАКАРОН ЖƏНЕ КОНДИТЕР ӨНДІРІСІНІҢ



Pdf көрінісі
бет6/149
Дата20.01.2023
өлшемі4.42 Mb.
#468568
түріПрактикум
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   149
14. Нан пісіру, макарон және кондитерлік өндірісінің технологиясы бойынша зертханалық практикум

І. НАН ПІСІРУ, МАКАРОН ЖƏНЕ КОНДИТЕР ӨНДІРІСІНІҢ 
ШИКІЗАТТЫҢ, ЖАРТЫЛАЙ ДАЙЫНДАЛҒАН ЖƏНЕ ДАЙЫН 
ӨНІМДЕРІНІҢ САПАСЫН БАҒАЛАУ ЖƏНЕ БАҚЫЛАУ 
1.1. Үлгілер сынамасын іріктеу 
1.1.1. Ұнның сапасын анықтау үшін сынама алу тəртібі 
 
Ұнның сапасы одан алынған орташа үлгідегі талдауға негізделген əрбір 
жеке партия үшін белгіленеді. Ұнның партиясы сапа бойынша біртекті, бір 
түрдегі орауға, бір мезгілде қабылдауға, тиеуге немесе сақтауға арналған бір 
түрдегі жəне сұрыпты өнімнің кез-келген мөлшері. Ыдысқа салынған өнім 
сапасының нормативті-техникалық құжаттама талаптарына сəйкестігін 
тексеру үшін сынама алынады. Контейнерге оралған өнімнің сапасын тексеру 
үшін нормативті-техникалық құжаттаманың талаптары таңдалған үлгі болып 
табылады. Қаптарға салынған ұн партиясынан сынама көлемі қаптарға 
салынған өнім партиясының көлеміне байланысты 1.1-кестеде көрсетілген. 
Кесте 1.1. 
Ұн партиясынан сынама алу көлемі 
№ Партия көлемі 
Іріктеме көлемі 
1 5 дейін 
Əрбір қап 
2 5-ден 100-ге дейін 
5 кем емес 
3 100-ден астам 
Партиядағы қаптар саны 5%-дан кем 
емес 
Қапталмаған өнім сапасының нормативті-техникалық құжаттама 
талаптарына сəйкестігін тексеру біріккен сынама бойынша жүргізіледі. 
Бірнеше ұн тасығыш машинадан тұратын өнім партиясын қабылдауды əрбір 
ұн тасығыш машинадан біріккен сынама бойынша жүргізеді. Алдымен 
сынама іріктегішті немесе қалақшаны пайдалана отырып, нүктелі 
сынамаларды алады. Тігілген қаптардан нүктелі сынамалар бір бұрыштан қап 
қуысынан алынады. Қалақша қаптың орта бөлігіне науамен төмен қарай 
бағыттап, оны 180 градусқа бұрып, шығарады. 
Пайда болған саңылауды қалақшаның өткір жеріне крест тəрізді 
əдіспен қаптың жібін жылжытып қымтап тастайды. Орны ауыстырылатын 
өнімнің технологиялық ағынынан нүктелік сынамалар өнімнің салмағы əрбір 
тоннадан кемінде 50г болатындай есеппен автоматты сынама іріктегішпен 
алады. Орны ауыстырылатын өнімнің технологиялық ағынынан нүктелік 
сынамаларды іріктегішпен немесе қалақпен ағынның қиылысу жолымен 
кезең-кезеңімен, тең уақыт аралығынан соң кемінде 2 сағаттан соң алады [1]. 
Бір нүктелі сынаманың салмағы 200-300г болуы тиіс. Ұнды ұн 
тасымалдау машинасынан ыдыссыз сақтау қоймасына өткізгенде нүктелік 
сынамаларды іріктегендей жүргізеді. Нүктелі сынамаларды ұн құбырына 
ойылған арнайы келте құбыр арқылы бекіту кранын тең уақыт аралығынан 
соң кемінде 3 рет ашу арқылы іріктейді. Тиелген автоұнтасығыштан 
сынамаларды тиеу люктері арқылы ұн үйіндісінің екі қабатынан: жоғарыдан - 
ұнның бетінен кемінде 10см тереңдікте, төменгі жағынан - цистерна түбінен 
15см тереңдікте алуға болады [1]. 
Таңдалған барлық үлгілердің салмағы кемінде 2кг болуы керек. Егер 
топтағы өнім салмағы нүктелік үлгілердің қажетті салмағын бір уақытта 
алуға мүмкін болмаса, олардың саны артады. Егер партиядағы өнім салмағы 
бір қабылдау үшін нүктелік сынамалардың талап етілетін салмағын алуға 
мүмкін болмаса, олардың санын арттырып, біріккен сынама алады. Барлық 
нүктелік сынамалар таза, мықты, астық қорының зиянкестерінен залалданған 
ыдысқа салынады. 
Біріктірілген сынамадан орташа сынама бөлінеді. Егер біріктірілген 
сынаманың салмағы 2кг-нан аспаса, онда ол бір мезгілде орташа сынама 
болып табылады. Егер біріктірілген сынаманың салмағы 2кг-нан асса, онда 
біріктірілген сынамадан орташа сынаманың бөлінуі қолмен жүргізіледі. Ол 
үшін біріктірілген сынаманы беті тегіс үстелге салады, өнімді квадрат 
түрінде бөліп, қыры кесілген екі қысқа ағаш планканың көмегімен 
араластырады [1]. 
Араластыру тік төртбұрыштың қарама-қарсы жағынан оң жəне сол 
қолдағы планкаларға басып алынған өнімді бірнеше рет араластырып
білікшені қалыптастырып, бір мезгілде ортасына төгілетіндей етіп жүргізіп, 
оны білікшенің шетінен тартып жəне бір мезгілде екі планкадан ортасына 
төгеді. Үш рет араластырып, біріктірілген сынаманы қайтадан квадрат 
түрінде тегіс қабатпен жəне планканың көмегімен диагональ бойынша төрт 
үшбұрышқа бөледі. Екі қарама-қарсы оң үшбұрыштың ішінен өнімді алып 
тастап, ал қалған екі бөлігін бірге жинап, көрсетілген тəсілмен араластырып, 
төрт үшбұрышқа бөледі [1]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   149




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет