Практикум бастапқы кәсіптік білім беру бағдарламасын жүзеге асыратын білім беру мекемелерінің оқу процесінде оқу



Pdf көрінісі
бет23/83
Дата16.03.2024
өлшемі3.07 Mb.
#495826
түріПрактикум
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   83
Косолапова-Н.В.-Тіршілік-қауіпсіздік-негіздері

40
 
Су тасымалдауы кезінде ТЖ-да əрекет үлгілері: 
 
Жүзу алдында қысқа жолмен палубаға қалай жететінін, шығу 
есіктері қайда орналасқанын анықтап алыңыз; 
 
Құтқарушы жилеттер қайда сақталатынын жəне оны қалай 
пайдалану керектігін біліңіз; 
 
Сабыр сақтаңыз
 
Өзіңізбен бірге жылы киім, жамылғыш, құтқарушы жилет, 
құжаттар, ақша, дəрі, азық-түлік, шырпы алыңыз; 
 
Құтқарушы жилетін киіңіз. Бұл жақсы жүзе алатындарға да 
ұсынылады; 
 
Жеңіл қайыққа отырарда өзіңізді дұрыс ұстаңыз, бір-біріңізді 
итермеңіздер, бірінші балалар мен əйелдерді өткізіп жіберіңіз; 
жеңіл қайықта орын ауыстырмаңыз; 
 
Жеңіл қайыққа немесе жүзу құралдарына отыра алмасаңыз, онда 
суға секіріңіз; 
 
Суға секірген алғашқы секундтарда деміңізді шығармаңыз жəне 
ішке су кірмес үшін мұрныңызды жабыңыз; екінші қолыңызбен 
құтқарушы жилеттен ұстаңыз; 
 
Көзіңіз ашып сүңгіп шығыңыз; 
 
Батып бара жатқан кемеден алшақ қауіпсіз жерге қарай тез жүзуге 
тырысыңыз; 
 
Қандай да бір жүзетін құралды ұстауға тырысыңыз; 
 
Күшіңізді сақтаңыз; 
 
Көмекке шақыру дабылын шығарыңыз; 
 
Киім суықтан сақтайтынын жəне киіммен температура бірнеше 
градусқа жоғары болатынын ескеріңіз; 
 
Суда жылыну үшін бұлшықеттеріңізді кезек кезек қозғалтыңыз. 
Аяқ-қолыңызды бұлғаңдатпаңыз, оған бар күшіңіз кетіп қалады; 
 
Егер сіз құтқарушы жилетте болсаңыз, топтасыңыздар жəне кеуде 
тұсын құшақтаңыз. Осылай салқын суда тірі қалу мерзімін 50%-ға 
жоғарылатады; 
 
Сізді іздеушілер жұмысын бастағанын жəне құтқарушылар 
келгеніне дейін шыдау керектігін есте сақтаңыз. 


41
 
Салқын суға түскен адам тез жаурайды. Дененің жаурауы қимыл 
координациясын жəне тыныс алу жұмысын бұзады, қатты салқындау 
шошуын дамытады. Нəтижесінде адам есінен танады жəне қаза 
табады. Жаурағыштық жылдамдығы су температурасына жəне 
адамның не кигеніне байланысты болады. Жаурағыштық тіпті жылы 
суда да болады. Су температурасы 15 градуста адам 2 сағаттан кейін 
есінен танады, 0 градус шамасында 15 минуттан кейін есінен танады. 
Ресейде жыл сайын 15 мыңға жуық адам суға батады. Зардап 
шеккендердің көбісі ішімдік ішіп мас болу арқылы қайғылы оқиғаға 
тап болғандар. 
Гидротехникалық орындардағы апарттық ТЖ ауқымды ауданды су 
тез басу қауіпімен байланысты. Үлкен,екпінді су тасқыны 
жолындағының бəрі жуып, қауіпті қиратулар мен адам өліміне себеп 
болады. Су құрылысы көлемі мен оның қирауы туындаған толқынның 
жылдамдығы мен биіктігімен анықталады. таулы аймақтарда толқын 
жылдамдығы 100 км/с дейін жетеді. Бұндай орындарға қандай да бір 
құрылыс жүргізуге тыйым салынады. 
ТЖ кезінде халықтарға дабыл хабарын үшін радио, теледидар
телефон, дыбысты байланыстар көмегімен жеткізеді. Хабардар болған 
халық дереу эвакуациямен қауіпсіз орындарға бару керек. Сонда 
судың төмендеуін немесе жаңа хабар күту керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   83




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет