39
Қауіпті табиғи жағдайлар (дауыл, боран, құйын), метеорологиялық
белгілердің көрінбеуі (тұман, жаңбыр) апат пен зілзалаға алып келеді.
Бірақ статистика жүгінсек, су тасымалы
апатына көбіне адами
факторлар, адамдар жіберген қателіктер салдарынан болады. Оларды
техникалық ақауларға алып келетін кеме құрылысы мен жобалауында
кеткен қателіктер жəне эксплуатация кезіндегі қателіктер деп бөлуге
болады.
Жағымсыз метеорологиялық
белгілерге адамдардың сауатсыз,
жауапсыз қателіктері қосылғанда,
сонымен қатар жылдамдық
жоғарылатқанда, қарсы келе жатқан кеменің кездесу курсын дұрыс
бағаламағанда, дұрыс емес оңтайландыру жасағанда, қауіпті жүктерді
тасымалдау ережесі бұзғанда жəне т.б. қауіптілік еселене түседі.
Суда саяхаттағанда қауіпсіздік шаралары:
Қатты жел жəне толқын кезінде кемінің үстіне (палуба) шықпаңыз;
Егер шығу қажетті болса тұтқалардан берік ұстап шығыңыз;
Теңіз дауылында кеменің үстіне шықсаңыз, міндетті түрде
құтқарушы жилет киіңіз.
3.4-
сурет. Су көлігіндегі апат