ЯДРОЛЫҚ РЕАКЦИЯЛАР ЖӘНЕ БҰЛАРДЫҢ
НЕГІЗІ ТҮРЛЕРІ
Қысқаша теориялық кіріспе 209
Ядролық реакциялар.
Ядролардың бөлінуі.
Атомдық ядролардың синтезі.
2.3.2. Есеп шығару үлгілері 219
Ядролық реакциялар.
Ядроның бөлінуі.
Термоядролық реакция.
2.3.3. Өз бетімен шығару үшін есептер 235
Ядролық реакциялар
ЭЛЕМЕНТАР БӨЛШЕКТЕР
Қысқаша теориялық кіріспе 240
Есеп шығару үлгілері 245
Элементар бөлшектер
Өз бетімен шығару үшін есептер 252
«Ядролық реакциялар. Элементар бөлшектер» бойынша
бақылау жұмысы үшін есептер 253
Жауаптар 255
ҚОСЫМШАЛАР 268
БИБЛИОГРАФИЯЛЫҚ ТІЗІМ 273
АЛҒЫ СӨЗ
Ұсынылып отырған есептер жинағы атомдық және ядролық физика бойынша есеп шығаруды үйрену үшін студентке көмек беретін құрал болып табылады. Пәннің типтік оқу бағдарламасына сәйкес барлық есептер: «Резерфорд – Бор атомы», «Бір электронды атомдық жүйелер», «Көп электронды атомдар», «Атомның магниттік қасиеттері», «Атомдық ядролардың құрамы мен қасиеттері», «Радиоактивтік», «Ядролық реакциялар», «Элементар бөлшектер» сияқты сегіз бөлімге бөлінген. Бөлімдегі есептер тақырыптар бойынша орналастырылған. Әрбір бөлімде 1) алдымен есептердің мазмұн-мағынасын түсіну және оларды шығару үшін қажетті негізгі физикалық ұғымдар, шамалардың тұжырымдамалары мен түсіндіруі және формулалар қамтылған қысқаша теориялық материал баяндалады; 2) бұдан кейін есептің қалай шығарылғаны түсіндіріледі. Бұл үшін күрделілік деңгейі әр түрлі оншақты есеп толық қарастырылады; 3) әрбір бөлім соңында студенттің өз бетімен шығаруы үшін есептер, бақылау жұмысы үшін есептер берілген. Есептер көп тараған белгілі есептер жинақтарынан [1-14] алынды.
Барлық есептердің жауаптары берілген. Есептердің шарттарында және жауаптарында СИ бірліктерінен құралған еселік және үлестік бірліктер қолданылған.
Есептерді шығарғанда мына әдістемелік нұсқауларды пайдаланған жөн:
Есептің шартын жете ұғынып алып, есепте берілген шамаларды, нені табу керектігін қысқаша жазып алып, барлығын СИ-де өрнектеп, есептің мазмұнын түсіндіретін сызба-сурет салу керек.
Берілген есептің негізіне қандай физикалық заңдар алынғанын анықтап, есепті жалпы түрде, яғни ізделіп отырған физикалық шаманы есепте берілген шамалар арқылы (аралық формулаларға сан мәндерін қоймай, әріптік белгілер арқылы) өрнектеп шығару керек.
Жалпы шешімнің дұрыстығын тексеріп алып, аяққы формулаға сан мәндерін қойып, оның өлшемділігін тексеріп, табылған физикалық шаманың бірлігін көрсету керек.
1. АТОМДЫҚ ФИЗИКА
Достарыңызбен бөлісу: |