Презентация түрінде есеп жасалынып, қорытынды конференцияда есеп беріледі. 2 «Жалпы жертану» пәнінен оқу-далалық практикалық


) Су географиялық қабықтың құрамдас бөлігі



бет5/7
Дата05.12.2023
өлшемі36.08 Kb.
#485530
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6   7
китап

2) Су географиялық қабықтың құрамдас бөлігі
Өзен - гидросфераның құрамдас бөлігі. Гидрометриялық құралдармен жұмыс жасау. Тандалып алынған ауданнын кандай ірі өзен алабына қатысы бар екенін анықтау. Аумақтың геологиялык-тектоникалық құрылымының өзен аңғарының түпнегіз жыныстардың жасы мен құрамының өзен аңғарының түрлі бөліктерінің қалыптасу жолдарын анықтау.
Өзеннің көлденең қимасын түрлі тәсілдер көмегімен анықтау. Өзен суының мөлдірлігі мен түсін, ағыс жылдамдығын анықтау. Өзеннің тереңдігін анықтау арқылы оның көлденең профилін құрастыру.
Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау
Өзен аңғарының жер бедерінің аккумлятивті-эрозиялық түрін зерттегенде, ең бастысы геоморфологиялық деңгейдің әсерінен табиғат компоненттерінің өзгерісін бақылау болып табылады.
Жүргізілген бақылаулар мен оларды талдау негізінде студенттер аңғардың әрбір морфологиялық элементтері өзіне тән табиғи компоненттер жиынтығына ие екендігін; олардың ерекшеліктері өзен аңғарының орнына, беткейдің құлдилығына, оның экспозициясына байланысты өзгеретіндігін меңгеруі қажет.
Өзендерді зерттеу келесі жоспар бойынша жүргізіледі:
- өзендердің атауы;
- басты өзеннің ұзындығы;
- өзен бассейнінің ауданы;
- басты сағалары және оларға сипаттама;
- өзен торының жиілігі; өзеннің құлау биіктігі;
- белгіленген аймақтағы өзеннің орташа тереңдігі мен ең терең жері;
- ағынның орташа жылдамдығы;
- судың басты шығыны;
- өзендердің қоректенуі;
- өзен режимі;
-судың сапасы мен қолданылуы.
Студент өзендерге сипаттама бергенде мектептегі алған білімдерін және қосымша әдебиеттерді қолдануы керек.
3)Жер бедері географиялық қабықтың құрамдас бөлігі
Арнаулы әдебиеттер көмегімен практика өткізілетін аудандағы геологиялық құрылыммен танысу. Геологиялық картаны оқи білу. Пайдалы қазбалар мен тектоникалық құрылыс арасындағы байланыс. Жылысу, беткейлік процестер және сел
жүруі сияқты зиянды әрекеттермен, оларды болдырмаудың жолдарымен танысу. Практика өтілетін аудандағы антропогендік жер бедерін қалыптастырушы факторларды анықтау. Жергілікті жер бедерінің сипатына антропогендік тікелей және жанама әрекеттердің әсерін сипаттау.
Практика өтілетін аудандағы антропогендік жер бедерін далалық жағдайда өлшеу, олардың өзгеру деңгейін сипаттау. Жер бедері мен ондағы процестердің дамуын болжау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет