Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұскау
Ауа райын бақылау деп, атмосфераның төменгі қабатындағы физикалық жай-күйін белгілі бір уақыт аралығында бақылау деп түсінеміз. Ауа райының бір элементінің өзгерісі, келесі бір элементтің өзгерісіне әкеліп соғады. Бір жағынан ауа- райының элементтері жайлы білу бізге қоршаған ортаның табиғи процестері және олардың өзара байланысы мен климаттың геоморфологиялық процестерге әсерін, сондай-ақ өзен режимі, топырақ жамылғысы, өсімдіктер және жануарлар әлеміне тигізетін әсерін ұғынуға көмектеседі. Екінші жағынан ауа райын бақылау жер бедерінің шағын климат қалыптасуға әсерін білуге жол ашады. Осындай жұмыстардың негізгі мақсаты метеорологиялық құралдарды колдану кезіндегі дағдыны калыптастастыру; олардың көрсеткіштерін талдау және сараптау ауа райының қысқа мерзімдік болжамын құрастыру.
Ауа райына бақылау жасау метео аланда жүргізіледі. Бақылау басталмай тұрып, 10-15 минут бұрын құрылғылар алып келінеді. Бақылау дәптеріне күніне 3-4 сағат сайын белгіленген уақытта (саг 9 да, 13 те, 17 де және 21 де) ауа температурасын, қысымын, ылғалдылығын, желдің бағыты мен жылдамдығын (Бофорт шкаласы бойынша), бұлттылық деңгейін, жауын- шашын мөлшері мен сирек кездесетін атмосфералық құбылыстар жазылады. Жауын-шашын өлшейтін құрылғы көмегімен осы аймаққа бір тәулікте түскен жауынның мөлшерін білеміз. Кешкі уақыттағы ауа райы элементтерінің өзгерісі, орташа температура мен бір күндік кысым мөлшеріне талдау жасалады. Ертеңгі күнге ауа райының кестесі жасалып, ең соңында бақылаушының аты-жөні тіркеледі.
Оку-далалық практиканын сонында студенттер корытынды жасайды: орташа температура мен қысымды, бақылау жүргізген уақыттағы жауын-шашын мөлшерін, осы уақыт аралыындағы қысымның, температураның және ылғалдылықтың графиктерін салып, түскі уақыттағы желдің бағытын көрсетеді. Шартты белгілермен ауа-райының ашық, бұлтты күндерінің нәтижелерін алып, орташа жылдық және өткен жылдағы практиканың көрсеткіштермен салыстырып, қорытынды жасайды.
Микроклиматтық зерттеулер өзен аңғарларынын элементтерін сипаттағанда жиі қолданылады. Басталған жұмыстар жоспар бойынша жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |