Презентация түрінде есеп жасалынып, қорытынды конференцияда есеп беріледі. 2 «Жалпы жертану» пәнінен оқу-далалық практикалық


Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау



бет6/7
Дата05.12.2023
өлшемі36.08 Kb.
#485530
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6   7
китап

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау
Кешенді профилдеу әдісі - физикалық-географиялык зерттеулердің масштабпен жұмыс кезінде орындалатын ең маңызды әдістерінің бірі. Осы жұмыстардың басты максаты - зерттеліп отырған аймақтағы жұмыстарға кешенді баға беріп, табиғат пен адам арасындағы негізгі байланысты анықтау, студенттерді өз өлкесін тану мақсатында экскурсияға шығару болып табылады.
Зерттелетін жерде ең басты ескерілетіні - аймақтың жер бедері. Біздің аймақтағы алынып отырған басты нысан - өзен аңғары. Физикалық-географиялық зерттеулердің барлық нәтижесі тіркелетін гипсометриялық қисық кескін, мектептегі нивелир мен эклиметр көмегімен жүргізіледі. Бұл құралдармен жұмыс істеу практикаға дайындық кезеңінде студенттерге түсіндіріледі.
Кешенді сипаттау нүктелері жер бедерінің негізгі бөлік- терінде белгіленеді, оларда алынған мәліметтер журналға жазылып, кескінге шартты белгілер көмегімен түсіріледі. Кескіннің өзі күнделікке сызбанұсқа түрінде сызылып, оған бақылау нүктелері белгіленеді. Кешенді профилдеу барысында жекелеген компоненттерді зерттеу тәсілдері пайдаланылады. Кешенді профилдеу әдісі практика барысында жетекші тарапынан толығырақ түсіндіріледі.
Практиканын камералдық өндеу кезеңінде әрбір студент міндетті түрде оку маршруттары кезінде жинақталған мәліметтерді кажетті әдебиеттер және картографиялық құралдар көмегімен өңдеуден өткізеді. Есептің құрамы далалык фото және бейне материалдар, математикалық және статистикалық өңдеуден өткізілген мәліметтермен, карта-сызбалар, өзеннің көлденең профилімен, түрлі суреттермен толықтырылады.
Мәліметтер жүйеленеді және талданады. Далалық зерттеу жұмыстарының нәтижесі бойынша топтық қорытынды есеп кұрастырылады. Есепті тапсыру кезінде кешенді географиялық зерттеудің басты әдіс-тәсілдері, табиғат компоненттерінің негізгі ерекшеліктері, жергілікті табиғи-аумақтық кешендер бойынша маусымдық байқау мәліметтері, оларға антропогендік әрекеттердін тигізген әсерлері ескеріледі. Зерттеудің нәтижелері презентация көмегімен қорытынды конференция кезінде қорғалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет