Презентация түрінде есеп жасалынып, қорытынды конференцияда есеп беріледі. 2 «Жалпы жертану» пәнінен оқу-далалық практикалық



бет3/7
Дата05.12.2023
өлшемі36.08 Kb.
#485530
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6   7
китап

Тұлғааралық құзыреттіліктер:

- бірлескен жұмыс барысында ұжымдық сезім қалыптастырып, топпен жұмыс істеуге тәрбиелеу;
- қоршаған орта түсініктерін кеңейтіп, экологиялык тәрбиелеу.
4) Пәндік құзыреттіліктер:
- ауа райына байқау жүргізу журналын толтыра білу, алынған мәліметтер негізінде графиктер түзу және талдау жасай білу;
- практика өткізілетін аудандағы су нысандарының табиғат жағдайына сипаттама бере білу, далалық байқау жүргізудің (орны, морфометриясы, судың мөлшері мен сапасы, режимі, шаруашылықта пайдаланылуы, ластанудан қорғау шаралары) әдіс-тәсілдерін меңгеру;
- жекелеген жер бедері мен оған сәйкес келетін тектоникалық құрылымдарға талдау жасау, табиғат жағдайына қысқаша сипаттама беру, аудан жер бедерін сипаттайтын геологиялық профиль және карта-сызба құрастыру
Тақырыптық жоспар


Дайындық кезеңі
1. Практика өткізілетін аудан туралы ақпараттар жинақтау
2. Берілген тақырыптар бойынша баяндамалар дайындау.
Негізгі кезең
1. Табиғат жағдайының жыл мезгілдеріне байқау жасау:
- метеостанция жұмысымен танысу;
- метеорологиялық байқаулар жүргізу;
- жергілікті жер бедерін бағдарлау мақсатында саяхатка шығу;
- фенологиялық байқау жүргізу. жекелеген жер
2. Табиғат жағдайының жазғы кезеңіне байқау жасау:
- жергілікті жердегі географиялық қабық құрам бөліктерін і тиіс. кешенді зерттеу.
Қорытынды кезең
1. Жинақталған мәліметтерді камералдық өңдеуден өткізу.
2. Дала практикасы бойынша қорытынды есеп дайындау.


Оку-далалық практиканың мазмұны


Далалық кезең
1. Климат - географиялық қабықтың құрамдас бөлігі
Метеорологиялық пункт жұмысымен танысу. Метеорологиялық құралдармен жұмыс жасай отырып, ауа температурасы мен ылғалдылығын, топырақ пен су температурасын өлшей білудің қарапайым әдіс-тәсілдерін үйрену.
Алынған мәліметтерді өңдей білу. Бұлттылықты байқау. Метеорологиялық алаңдағы құралдарды пайдалана отырып, жергілікті ауа райындағы өзгерістерге байқау жасау. Байқау мәліметтерін арнайы кестеге толтыру кажет.
Ауа райын байқауға арналған тапсырмаларды орындау үшін метеорологиялық алаңға байқау нәтижесін алу үшін белгіленген уақыттан сәл ертерек бару қажет. н тектони- на қысқаша.
Байқау алынатын құралдардың дұрыс жұмыс жасап тұрғанын алдын-ала тексеріп алу қажет. Байқау мәліметтерін алу дәл кестеде көрсетілген уақытта жасалынуы тиіс. Байқау мәліметтері кестеге сол жерден кетпей тұрып түсірілуі қажет. Байқау кезінде болған атмосфералық құбылыстар арнайы кестеге шартты белгілер негізінде белгіленуі тиіс. Кестеге жазылатын мәліметтер қарындашпен түсірілуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет