15–тақырып. Шығыс Қазақстан облыстық басылымдарының тарихы
«Рудный Алтай». 1917 жылғы қазаннан 1918 жылғы маусымның 10-на дейін Өскеменде большевиктер партиясы Совет өкіметін орнатып, уезде алғашқы коммунистік газет шығарудың мүмкіндігі туды. 10-сәуірде «Голос Алтая» газетінің алғашқы номері оқырмандар қолына тиді.
«Семей таңы». Еліміздің рухани-мәдени орталығының бірі – шежірелі де киелі Семей жерінде жарық көріп келе жатқан «Семей таңы» газеті қазақ баспасөзінің алғашқы қарлығаштарының бірі болып саналады. 1919 жылы Алаш зиялыларының бастамасымен «Қазақ тілі» деген атпен жарық көре бастаған басылым ғасырдан аса уақыт өмір сүріп, талай тарихи кезеңдердің айнасы бола білді.
«Дидар». Республиканың Шығыс өңірінде тұңғыш ашылмақ қазақ газетінің апғашқы редакторы Мақсұт Тайшыбаев 1931 жылғы 1-қыркүйекте еліміздегі аса ірі өндіріс өңірінің бірінен саналатын Риддерге келіп, қыруар дайындық жұмыстарын жүргізе отырып, сол жылғы 24-қазанда «Жұмысшы» аталған қазақ газетінің бірінші санын жарыққа шығарады.
Әдебиеттер: [39, 40, 41]
1 – тақырып
Тапсырма:
1) «Түркістан уалаятының газетін» қазақ тілінде шығару қандай мақсаттан туған еді? Газеттің редакторы Ш.Ибрагимов туралы деректер.
2) «Дала уалаятының газеті» патша үкіметінің органы болғанымен, қазақ халқының өмір-тұрмысында қаншалықты прогресшіл рөл атқарғандығы туралы.
3) 1879 жылы Орынбор қаласында шыға бастаған Торғай облыстық «Торғай газеті» және Ә.Балғынбаевтың публицистік қызметі.
Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқау (қысқаша):
Ғылыми зерттеу кітаптарымен жұмыс. Мерзімді басылымдардағы материалдарды талдап-саралау.
Әдебиеттер: [1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, ]
2 – тақырып
Тапсырма:
1) 1905-1907 жылдардағы 1-орыс буржуазиялық революциясы жаңғырығының қазақ даласына жетуі.
2) Жалпыорыстық большевиктік «Искра» газетінің ықпалы. Алғашқы үндеу хаттар, листовкалар және ауызша газет.
3) «Қазақ газеті», «Серке», «Большевиктік Орал» газеттері.
Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқау (қысқаша):
Ғылыми зерттеу кітаптарымен жұмыс. Мерзімді басылымдардағы материалдарды талдап-саралау.
Әдебиеттер: [9,2,3,4,10,11,12]
Достарыңызбен бөлісу: |