11 – тақырып. Халық шаруашылығын қалпына келтіру, ұлтшылдық сарынға қарсы күрес және тың игеру жылдарындағы қазақ мерзімді баспасөзі (1946-1960)
Соғыстан кейінгі жылдардағы баспасөз. Соғыс жеңіспен аяқталғаннан кейін халық шаруашылығын қалпына келтіру және оны одан әрі дамыту проблемалары күн тәртібіне қойылды. Баспасөз 1945 жылы Қазақ КСР-інің 25 жылдығы құрметіне арналған социалистік жарысты кең насихаттай отырып, өзінің жұмысын бейбітшілік жағдайда да соғыс кезіндегідей қарқынмен жүргізуге тырысты. Ол кезде үкімет тарапынан газеттердің жұмысын жақсартуға жағдай жасайтын елеулі шаралар жасалды.
ВКП(б) Орталық Комитеті 1945 жылы 29-шілдеде «Республикалық, өлкелік және облыстық газеттердің сапасын арттыру және көлемін кеңейту туралы» арнаулы шешім қабылдады. Сол жылдың 15-шілдесінен республикалық және облыстық газеттер төрт бет болып шығатын болды. Сонымен бірге олардың штаты және қаламақы қоры көбейтілді.
Соғыстан кейінгі жылдарда республикалық және облыстық газеттердің мазмұны өзгерді, жергілікті өмірді жан-жақты жақсы жазатын мәселелеріне баса көңіл аударылды. Газет беттерінде очерк пен фельетон, баспасөзге шолу жанрлары жиі көрінді. Сөйтіп, республикамыздың газеттері өзінің жұмысын бейбітшілік дәуірге бейімдеп қайта құра бастады.
Әдебиеттер: [9,, 2, 3, 10, 23, 7, 16, 41, 32]
12 – тақырып. Әдеби-педагогикалық, ғылыми-көпшілік және сатиралық басылымдар (1960–1985 жылдар)
«Қазақстан мұғалімі» газеті. Оқу–ағарту ісін қазақ жерінде насихаттау сонау XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың алғашқы жылдарынан-ақ басталған. Кезінде «Дала уалаятының газеті», «Қазақстан», «Қазақ» газеттерінен бастап, «Айқап», «Мұғалім» журналдары қостап, «Қазақстан мектебі» одан әрі жалғастырған басқа да басылымдарда оқу-ағарту ісіне байланысты талай-талай ілгері істер қаралып, көптеген материалдар жарияланған.
Бірақ бертін келе осының барлығы да аздық етті. Оның үстіне заман өзгеріп білім, ғылым дамыған сайын көш соңында қалып қоймау міндеті тұрды. Сондықтан да болар 1952 жылдан бастап екі тілде қазақша және орысша «Қазақстан мұғалімі» («Учитель Казахстана») газеті шығарыла бастады. Алғашқы редакторы - О.Құдышев.
Бұл басылым Оқу министрлігінің басқармасы мен бастауыш және орта мектеп қызметкерлеріне яғни, мұғалімдерге, педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттеріне көмекші әрі нұсқаушы құрал ретінде есептелді.
Әдебиеттер: [2, 3, 10, 11, 41, 33].
Достарыңызбен бөлісу: |