Программа дисциплины (Syllabus) Қазақ журналистикасының тарихы / История казахской журналистики



бет16/22
Дата27.09.2022
өлшемі205.5 Kb.
#461439
түріПрограмма дисциплины
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22
3Силлабус каз журн тарихы 2020

13 – тақырып. Егемен елдің баспасөзі. Қайта құрудан өтпелі кезеңге дейінгі аралықтағы қазақ баспасөзі (1985–1991 жылдар)
1988 жылғы есеп бойынша Қазақстан көлемінде 500 республикалық, республикааралық, облыстық, қалалық, аудандық және көп тиражды газеттер, жиырма миллион данамен журналдар шығып тұрды.
Енді, 1988-1995 жылдар аралығында жоғарыда аталған газет-журналдардың қатарына тағы да қазақ тілінде шығатын бірнеше жаңа басылымдар келіп қосылды. Оларға жеке-жеке тоқталып өтетін болсақ, оның алғашқысы «Алматы ақшамы» газеті.
Бұл газет 1988 жылдың 1 шілдесінен бастап шыға бастады. Ол Қазақстан Компартиясы Алматы қалалық комитеті мен Халық депутаттары қалалық кеңесінің газеті болып есептелді. Тиражы – 36000.
1990 жылдың 22 наурызынан жарық көре бастаған үшінші бір басылым «Ана тілі» газеті. Құрылтайшысы: «Қазақ тілі» қоғамы мен «Қазақстан» баспасы. Газет 16 бет көлеммен аптасына бір рет шығады. Бұл біздің егеменді еліміздің тарихында қазақ тілін Қазақстан территориясын мекендейтін барлық халық өкілдеріне бірдей оқыту проблемасын алғаш көтерген және ұлттық әдет-ғұрып, дәстүр, тарихтың «ақтаңдақтары» жайлы мазмұнды да салиқалы материалдар жариялайтын бірден-бір басылым болып саналады.
Шындығын айту керек, орталық басылымдардың беттеріндегі «Желтоқсан оқиғасы» туралы жарияланған материалдарда бүгінгі күн тұрғысынан қарағанда біржақты, көлеңкелі, қаракүйелі тұстары басым болуымен қатар, оқиғаға байыппен қарауға деген ұмтылыс, мәселенің түп-төркінін әлеуметтік жағдайлардан іздестіруге деген талпыныстар болды. Алайда ең басты мәселе жастардың алаңға неге шыққаны тұрғысындағы әңгімеге келгенде авторлардың барлығы да оларды біреулер айдап салды деген жалған тұжырыммен ғана шектеліп қалды.
Әдебиеттер: [17, 34, 41, 7, 8, 10, 35]


14 – тақырып. Саяси партиялар мен қозғалыстардың баспасөз органдары, жекеменшік және тәуелсіз басылымдар, орыс тіліндегі газеттер (1985-2020)
Қазақстандағы саяси партиялар мен қозғалыстардың баспасөз органдары. Кезінде қоғам құрылымына өзгеріс әкелген «қайта құру» өміріміздің барлық саласына тереңдеп енді. Жариялылық, демократиялық аясын кеңейтіп, өткен тарих «ақтаңдақтарын» аршып алуға, болашаққа берік бағдармен баруға үйретті. Тарих беттеріндегі беймәлім жайлар ашылып, азаматтық үндер айқын сипат алды.
Ақпарат айдынына жекеменшік басылымдар шыға бастады. Олардың ішіндегі белдісі де бірегейі болған, философия ғылымының докторы, профессор, Алматы мемлекеттік медицина институтының кафедра меңгерушісі – Алдан Айымбетовтың орыс тілінде шығатын «Казахская правда» газеті болды. 1993 жылдың қаңтар айынан бастап шыға бастаған бұл басылымның редакторы, құрылтайшысы да бір-ақ адам - өзі.
Негізінен ол өз газетінде саяси мәселелерге көбірек көңіл бөліп, баспасөздің де, теңгенің де, басшылардың да, халықтың да жайын әңгіме етті. «Казахская правда» қазақ ұлтына бірден-бір жанашырлық танытқан басылым болды. Сондықтан да газет қазақтар мен Қазақстанда тұратын өзге ұлттар арасында алауыздық туғызғысы келетін басылымдарды өз тарапынан үнемі жөнге шақырып отырды.
Әдебиеттер: [3, 10, 34, 37, 7, 41, 38]




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет