Прокуратура туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2017 жылғы 30 маусымдағы №81-vі қРЗ



бет12/21
Дата15.09.2022
өлшемі46.1 Kb.
#460786
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21
Прокуратура туралы заң

26-бап. Нұсқау
1. Прокурор:
1) сотқа дейінгі тергеп-тексеру;
2) жедел-іздестіру қызметі және жасырын тергеу әрекеттері мәселелері бойынша;
3) заңда белгіленген өзге де жағдайларда жазбаша нұсқаулар береді.
2. Прокурордың өз құзыреті шегінде берілген нұсқаулары сотқа дейінгі тергеп-тексеруді, жедел-іздестіру қызметін, жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыратын органдардың басшылары мен қызметкерлерінің орындауы үшін міндетті.
27-бап. Ұсыну
1. Прокурор өз құзыреті шегінде:
1) заңдылықты бұзушылықты жою туралы;
2) қылмыстық және өзге де құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы;
3) Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес қол сұғылмаушылық құқығына ие адамдарды осы құқықтан айыру мәселелері бойынша;
4) заңда белгіленген өзге де жағдайларда ұсыну енгізеді.
2. Ұсынуды лауазымды адам немесе орган – күнтізбелік отыз күн ішінде, ал адамның және азаматтың өмірі мен денсаулығы, мемлекеттің қауіпсіздігі үшін орны толмас зардап басталуы мүмкін болған жағдайларда прокурор белгілеген мерзімде заңдылықтың онда көрсетілген бұзушылықтарын жою жөніндегі шараларды қабылдай отырып қарауға тиіс.
Прокурор ұсынуды қарау кезінде оған қатысуға құқылы. Мемлекеттік орган немесе лауазымды адам прокурорға ұсынуды қараудың уақыты мен орны туралы ұсыну қаралатын күнге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлауға тиіс.
Ұсынуды қараудың нәтижелері және қабылданған шаралар туралы прокуратураға ұсыну қаралған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабарланады.
Ескерту. 27-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2021 № 62-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
28-бап. Қаулы
1. Прокурор тәртіптік іс жүргізуді қозғау, тексеріс жүргізу, күштеп әкелу, құқықтық актінің қолданысын тоқтата тұру туралы, мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары және олардың лауазымды адамдары қолданған тыйым салу немесе шектеу сипатындағы шаралардың күшін жою туралы Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасында, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген қаулылар, сондай-ақ заңда көзделген өзге де жағдайларда қаулылар шығарады.
2. Прокурордың қаулысы уәкілетті органның немесе лауазымды адамның міндетті орындауына жатады. Қаулыға шағым жасау оның орындалуын тоқтата тұрмайды.
Ескерту. 28-бап жаңа редакцияда – ҚР 02.07.2021 № 62-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет