Прокуратура туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2017 жылғы 30 маусымдағы №81-vі қРЗ


-бап. Төмен тұрған прокурорлардың жоғары тұрған прокурорларға бағыныстылығы



бет17/21
Дата15.09.2022
өлшемі46.1 Kb.
#460786
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Прокуратура туралы заң

41-бап. Төмен тұрған прокурорлардың жоғары тұрған прокурорларға бағыныстылығы
1. Прокурорлардың бағыныстылығы:
1) жоғары тұрған прокурорлардың ұйымдастыру және қызмет мәселелерi жөнiндегi нұсқауларының төмен тұрған прокуратуралар үшiн мiндеттiлiгiн;
2) төмен тұрған прокурорлардың жоғары тұрған прокурорлар алдында қызметтік мiндеттерiн орындауы үшiн жауаптылығын;
3) жоғары тұрған прокурорлардың қажет болған жағдайларда төмен тұрған прокурорлардың өкiлеттiктерiн жүзеге асыруын;
4) жоғары тұрған прокурорлардың төмен тұрған прокурорлар актiлерiнiң күшiн жоюын, қайтарып алуын, тоқтата тұруын немесе өзгертуiн;
5) төмен тұрған прокурорлардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және актiлерiне жасалған шағымдарды жоғары тұрған прокурорлардың шешуiн қамтиды.
2. Бас Прокурор осы Заңда белгіленген тәртіппен төмен тұрған прокурорлар бағыныстылығының өзге де нысандарын белгiлеуi мүмкiн.
42-бап. Прокуратура органдарындағы алқалар
1. Бас прокуратура, ведомстволар, облыстардың прокуратуралары мен оларға теңестiрiлген прокуратуралар алқаларын құру туралы шешімді Бас Прокурор қабылдайды.
2. Алқа отырыстарында прокуратура органдары қызметiнiң мәселелерi, сондай-ақ Бас Прокурордың, ведомство басшысының, облыс прокурорының немесе оған теңестiрiлген прокурордың ұйғаруы бойынша мүдделі адамдардың қатысуымен алқалы түрде қарауды талап ететiн, заңдылықты анықталған бұзушылықтармен байланысты өзге де мәселелер қаралады.
3. Алқа шешiмдерi оның мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiгінің даусымен қабылданады және прокуратура органдарының бағынысты қызметкерлері мен жұмыскерлері үшін міндетті болып табылады.
4. Бас прокуратурадағы, ведомстволардағы, облыстар прокуратураларындағы және оларға теңестiрiлген прокуратуралардағы алқа жұмысының регламентi мен оның құрамын олардың бірінші басшылары айқындайды.
7-тарау. ПРОКУРОРДЫҢ МӘРТЕБЕСІ, ӨКІЛЕТТІКТЕРІ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТІНІҢ КЕПІЛДІГІ
43-бап. Прокурор
1. Прокурор - прокуратура функцияларын іске асыру мақсатында осы Заңда белгіленген өкілеттіктерді жүзеге асыратын прокуратура органдарының қызметкері.
Мыналар прокурор болып табылады: Бас Прокурор, оның бірінші орынбасары және орынбасарлары, аға көмекшілер мен көмекшілер, ерекше тапсырмалар жөніндегі аға көмекшілер, прокуратура органдары қызметтерінің, департаменттерінің, басқармаларының және бөлімдерінің басшылары, олардың орынбасарлары, бас әскери прокурор, бас көлік прокуроры, облыстар, аудандар прокурорлары және оларға
0теңестірілген прокурорлар, олардың орынбасарлары, басқармалар мен бөлімдердің аға прокурорлары мен прокурорлары, облыстар прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлардың аға көмекшілері мен көмекшілері, аудандар прокуратуралары мен оларға теңестірілген прокуратуралардың аға прокурорлары мен прокурорлары, сондай-ақ әскери, уәкілетті және арнайы прокурорлар.
2. Сыныптық шендер немесе әскери атақтар берілетін прокуратура органдары жүйесі лауазымдарының тізбесін, сондай-ақ оларға сәйкес келетін шекті сыныптық шендерді немесе әскери атақтарды Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
3. Прокуратураның әскери міндетті қызметкерлері прокуратура органдарында арнайы есепте тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет