Прокуратура туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2017 жылғы 30 маусымдағы №81-vі қРЗ



бет18/21
Дата15.09.2022
өлшемі46.1 Kb.
#460786
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Прокуратура туралы заң

44-бап. Прокурордың өкiлеттiктері
1. Прокурор өз құзыретіне сәйкес:
1) қылмыстық-процестік заңда белгіленген негіздерде және тәртіппен әрекеттерді жүзеге асыруға және процестік шешімдер қабылдауға;
2) заңнамада көзделген жағдайларда және тәртіппен жедел-іздестіру қызметінің материалдарын, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді талап етуге, басшылардан және басқа да лауазымды адамдардан заңдылықтың жай-күйі және оны қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы қажетті құжаттарды, материалдарды, статистикалық ақпаратты және өзге де мәліметтерді алуға;
3) заңда көзделген негіздерде және тәртіппен сот отырысына қатысуға және іс бойынша қорытынды беруге, соттан сот істерін сұратуға, сот актілерін қайта қарау туралы өтінішхат және наразылықтар келтіруге;
4) заңда көзделген тәртіппен тексерістер жүргізуге, оларға қатысу және қорытындылар беру үшін мамандарды тартуға, сондай-ақ қауіпсіздікті және қадағалау қызметін қамтамасыз ету үшін басқа да құқық қорғау органдарының қызметкерлерін тексеруді жүзеге асыруға тартуға;
5) сараптамалар тағайындауға, прокуратураға келіп түскен материалдар, өтініштер бойынша уәкілетті органдардан тексерістер жүргізуді талап етуге және олардың нәтижелері туралы хабарлауды міндеттеуге;
6) құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесімен интеграцияланған ақпараттық жүйелер мен ресурстарда қамтылған мәліметтерге заңнамада белгіленген негіздерде және тәртіппен қол жеткізуге;
7) жүргізілетін тексеріс, заңдылықтың жай-күйін талдау, күшіне енген актілерді бағалау және қаралатын жолданым мәселелері бойынша лауазымды адамдарды, жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін түсініктемелер алу үшін шақыртуға;
8) негіздер болған кезде және заңда көзделген тәртіппен, лауазымды адамдар қолданған тыйым салу немесе шектеу сипатындағы шаралардың дереу күшін жоюды, заңсыз актінің қолданысын толығымен немесе ішінара тоқтата тұруды талап етуге;
9) әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамада көзделген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғауға және тоқтатуға;
10) тексерістер жүргізуге, заңдылықтың жай-күйін талдауға, күшіне енген актілерді бағалауға, жолданымдар мен прокурорлық қадағалау актілерін қарауға байланысты ақпарат пен материалдарға заңнамада белгіленген тәртіппен қол жеткізуге;
11) нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеуге және қарауға қатысуға;
12) басқа мемлекеттердің мекемелерімен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жасауға;
13) заңдылықты және құқық тәртібін, қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету мақсатында құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы ақпараттық жүйелерді құруға және жетілдіруге қатысуға;
14) заңда көзделген өзге де әрекеттерді орындауға құқылы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет