Прокуратура туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2017 жылғы 30 маусымдағы №81-vі қРЗ



бет19/21
Дата15.09.2022
өлшемі46.1 Kb.
#460786
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Прокуратура туралы заң

2. Прокурор:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтауға;
2) мінез-құлықтың әдептілік нормаларын сақтауға;
3) өз құзыретіне сәйкес адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің заңды мүдделерін қорғауға;
4) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қараумен байланысты құжаттар мен материалдарды заңнамада көзделген шекте оларға танысуға ұсынуға;
5) заңдылықты бұзушылықтардың, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайлардың алдын алу және анықтау, сондай-ақ кінәлі адамдарды жауаптылыққа тарту үшін заңда белгіленген тәртіппен прокурорлық ден қою актілерін және прокурорлық қадағалау актілерін қабылдауға;
6) тексерілетін субъектілердің қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтіретін әрекеттерге (әрекетсіздікке) және актілердің қабылдануына жол бермеуге;
7) тексеріс барысында алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын, мемлекеттік құпиялар және заңмен қорғалатын өзге де құпия туралы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге;
8) заңсыз ұстап алынған және бас бостандығынан айыру орындарында, арнайы мекемелерде, мәжбүрлеу сипатындағы шараларды орындайтын мекемелерде, қызметтік үй-жайларда заңсыз ұсталатын адамдарды дереу босатуға;
9) өзінің қызметін халықтың сенімін арттыру басымдығымен жетілдіруге;
10) заңда көзделген өзге де өкілеттіктерді орындауға міндетті.
Ескерту. 44-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2021 № 62-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
45-бап. Прокурор қызметiнiң құқықтық кепiлдiктерi
1. Прокурорға өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруына кедергi келтiру немесе заңсыз шешiм қабылдату мақсатында қандай да болсын нысанда ықпал ету заңда белгiленген жауаптылыққа алып келеді.
2. Прокурордың талап етуi бойынша органдар, ұйымдар және лауазымды адамдар:
1) мемлекеттік құпияларды, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге заңда белгіленген талаптар мен шектеулерді сақтай отырып, жүргізілетін тексеріс, заңдылықтың жай-күйін талдау, күшіне енген актілерді бағалау және осы Заңның 21-бабына сәйкес қаралатын жолданымдар мәселелері бойынша қажетті ақпаратты, құжаттар мен өзге де материалдарды прокурор белгілеген, бірақ үш жұмыс күнінен кем болмайтын мерзімде беруге міндетті.
Прокурор мемлекеттік құпияларды, коммерциялық, банктiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария еткені үшін заңда белгіленген жауаптылықта болады;
2) тексерiске қатысу және қорытынды беру үшiн мамандар бөлуге мiндетті.
Қажет болған жағдайларда адамдардың өмірі, денсаулығы не Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі үшін орны толмас зардаптарды болғызбау мақсатында сұратылатын ақпарат, құжаттар және өзге де материалдар дереу беріледі.

Мемлекеттік емес ұйымдардың қызметкерлері және өзге де адамдар тексеріске мамандар ретінде шарттық негізде тартылады.


3. Жүргізілетін тексеріс, заңдылықтың жай-күйін талдау, күшіне енген актілерді бағалау немесе қаралатын жолданым мәселелері бойынша прокурордың осы баптың 2-тармағында көзделген талаптары органдардың, ұйымдардың және лауазымды адамдардың орындауы үшін міндетті.
4. Сұратылатын ақпарат, құжаттар мен өзге де материалдар прокуратура органдарына заңнамада белгіленген нысанда және тәртіппен беріледі.
5. Лауазымды адамдар мен азаматтар жүргізілетін тексеріс немесе қаралатын өтініш мәселелері бойынша түсініктер беру үшiн прокурордың шақыруы бойынша ол белгiлеген уақытта келуге мiндеттi.
Лауазымды адамдар мен азаматтарды прокуратура органдарына шақырту, төтенше жағдайлар немесе бұл кезде алдын алу мүмкін болмайтын мән-жайлар туындаған жағдайларды қоспағанда, прокурордың мәртебесі мен құзыретін сақтай отырып, шақырылатын адамның уақтылы келуі және түсініктеме беруге дайындалуы үшін жеткілікті мерзім болатындай есеппен жүргізіледі.
Шақыру бойынша тағайындалған мерзiмде келуге кедергi келтiретiн себептер туралы шақырылған адам шақырған прокурорды хабардар етуге мiндеттi.
Дәлелді себептерсіз келмеген жағдайда лауазымды адамдар мен азаматтар Бас Прокурордың, оның орынбасарларының, облыстық және оларға теңестірілген прокурорлардың, олардың орынбасарларының, аудандық және оларға теңестірілген прокурорлардың уәжді қаулысы бойынша күштеп әкелуге (мәжбүрлі түрде жеткізілуге) ұшырауы мүмкін.
Прокурордың күштеп әкелу туралы қаулысын iшкi iстер органы орындайды.
Күштеп әкелу түнгi уақытта жүргiзiлмейдi.
Он төрт жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар және он сегiз жасқа толмаған адамдар олардың заңды өкiлдерiне хабарланбастан, жүктi әйелдер, сондай-ақ дәрiгердiң куәландыруына жататын денсаулық жағдайы бойынша өзiнiң тұрып жатқан орнын тастап кете алмайтын немесе тастап кетпеуге тиiсті адамдар күштеп әкелуге жатпайды.
6. Прокурордың заңды талаптарын орындамау не прокурордың талап етуі бойынша дәлелді себептерсіз келмей қалу заңда белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
Прокурорлардың тексеріс жүргізу барысында заңдарда көзделмеген талаптарды қоюы заңда белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
7. Прокурор заңда көзделген жағдайлар мен тәртiптен басқа кезде, өзiнің іс жүргiзуіндегі iстер мен материалдардың мәнi бойынша қандай да бiр түсiнiктемелер беруге, сондай-ақ оларды кiмге де болсын танысу үшiн беруге мiндеттi емес. Іс жүргізіп жатқан прокурордың рұқсатынсыз тексерістер мен iстердiң материалдарын жария етуге ешкімнің құқығы жоқ.
Ескерту. 45-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2021 № 62-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет