Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау


Наркоманиялар мен токсикоманиялар емі және профилактикасы



Pdf көрінісі
бет165/321
Дата01.03.2024
өлшемі5.77 Mb.
#493550
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   321
Психиатрия(каз)(@kaz medical students) (1)

Наркоманиялар мен токсикоманиялар емі және профилактикасы 
 
Наркоманиямен алғаш анықталған науқас арнайы психиатриялық 
бӛлімшелерге немесе тексерулер мен сәйкес ем жҥргізу ҥшін стационарға 
орналастырылуы керек. Денсаулық сақтау министрлігімен наркомандар 
емінің ҧйымдастырулық әдістемелік принциптері анықталды. 
Осы нҧсқау бойынша стоционарлық емнің минимальды, 60 кҥннен кем 
болмауы тиіс (алғаш тҥскен және сол қайталап тҥскен науқастар ҥшін де) 
мерзімі қарастырылды. 
Наркомания және токсикоманиямен науқастарды емдеуде 3 сатыны 
бӛледі. 
Емдеудің бірінші сатысы абстинентті синдромды басуға және жҥйелер 
мен мҥшелердің қызметін қалыптастыруға бағытталған. Интоксикация мен 
абстинентті синдром кӛріністерін басатын заманауи әдістер қатарының 
жеткіліктілігі наркотиктерді бір сәтте тоқтатуға мҥмкіндік береді. 
Наркотиктерден ажырату кезінде, және де ем жҥргізу кезінде жедел 
реанимациялық шараларды қажет ететін ауыр бҧзылыстар байқалады. Сол 
себепті ауруханада сәйкес реанимациялық бӛлімше (палата) болуы керек. 


~ 256 ~ 
Емнің бірінші сатысында холинолитиктер, кураре тәрізді препараттар, 
симптоматикалық 
терапия, 
белсенді 
витаминотерапия, 
массивті 
дезинтоксикациялық терапиямен бірге инсулиннің аз дозасы қолданылады. 
Соның ішінде психотерапияға аса кӛңіл бӛлінеді. 
Барбитурлық токсикоманияда абстинентті синдром ӛте ауыр тҥрде ӛтеді. 
Жиі ӛмірге қауіп тӛндіретін асқынулар туады (эпилепсиялық кҥйге дейін 
жететін эпилептиформды ҧстамалар, сананың кҥрт кҥңгірттенуі). Сол себепті 
барбитураттарды біртіндеп 7- 15 кҥн ішінде алып тастау керек. Кейде, 
барбитураттардың мӛлшері ең жоғарғы тәуліктік мӛлшердің жартысынан 
аспаған жағдайда 2-3 кҥн ішінде алып тастауға болады. 
Апиындық - морфиндік абстиненцияны қайтару ӛте ауыр, сондықтан бҧл 
жағдайда кураре тәрізді және холинолитикалық дәрілер бірлестіріп 
тағайындалады. Ем жҥрек–қантамыр жҥйесі қызметін бақылауға алып, тӛсек 
тәртібінде арнайы схемамен жҥргізеді. 
Наркоманиямен және токсикоманиямен науқастардың бірқатары сенгіш 
болып келеді, сол себепті тҧлғалық ерекшеліктерді ескере отырып 
реаблитациялық әдістермен бірге психотерапия жҥргізу ҧсынылады. Мҧндай 
науқастар наркотик қолданудан толық бас тартудың 5 жылы ӛткенше 
диспансерлік есепте тҧрады және рецидивке қарсын ӛтулері керек. 
Наркомания профилактикасы әлеуметтік және медициналық іс-
шаралардан тҧрады.
Біздің елімізде халқымыздың мәдени және ӛмірлік дәрежесі ҥнемі артып 
келеді, санитарлық жағдай мен медициналық кӛмек деңгейі жақсаруда. 
Елімізде наркотиктер ӛндірілуі, сақталуы және шығарылуы қатаң бақылауда. 
Осының барлығы наркоманиямен кҥресудің ең тиімді жетістері болып 
табылады.
Наркомания жӛнінде халықтың және дәрігерлердің білімін тереңдету
наркомандарды ерте анықтап, уақтылы және белсенді диспансерлік ем 
жҥргізу, сондай-ақ қатаң тҥрде наркотиктерді есепке алып, сақтау 
наркоманияның алдын алудың сәттілігіне кепіл болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   321




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет