Психикалыќ процестерді зерттеу їшін ўсынылєан тестілер жиынтыєыныѕ їлгісі



бет4/31
Дата21.11.2022
өлшемі0.91 Mb.
#465368
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
0,1,2,3,4 тест

Қабылдауды зерттеу әдістемесі

1. "Не аяқталып салынбаған?" әдістемесі

Қабылдаудың тұтастығын бағалау
Балаға таныс заттар бейнеленген суреттерді ұсыныңыз. Оның әрбір суретке мұқият қарауын және жетіспей тұрған бөлігін атауын сұраңыз (2 сурет. не аяқталып салынбағанын айту).

2-сурет
2. "Бұл не, танып ал" әдістемесі

Алдымен балаға суреттің бөлігі, фрагменті көрсетілетіндігін, сол бойынша тұтас бейнені анықтау қажет, яғни бөлік немесе фрагмент бойынша тұтас суретті салу керек.
Балаға а) дан басқа барлық фрагменттері қағазбен жабылған 3- суретті көрсетеді. Осы фрагмент бойынша бұл бөлшектер жалпы қандай суретке тиісті екенін айту керек.
Есепті шешуге 10 секунд уақыт беріледі.Егер бала дұрыс жауап бермесе, онда оған 10 секундқа келесі толығырақ фрагмент көрсетіледі, тағы сол сияқты,бала суретте не бейнеленгенін аңғарғанша жалғаса береді.
Жалпы 6-7 жасар балалар фрагмент бойынша тапсырмамен 20 секундта орындай алады.

3 сурет
3. "Кілемшені немен жамауға болады?" әдістемесі

Бұл тестінің көмегімен, аз мерзімді есте көргенінің үлгілерін сақтай отырып, оларды баланың қаншалықты іс жүзінде қолдана алатындығын анықтауға болады.
Балаға 2 кілемше,және де әртүрлі маталардың кесектері бейнеленген 4 суретті ұсыныңыз.
Бұл материяның кесектерін кілемшедегі тесіктерді жамау үшін қолдануға болады.Кілемшенің және жамаудың суреттерінің айырмашылығы болмау керек. Балаға тапсырма: "Матаның бірнеше кесектерінен(олар төменде салынған) кілемше суретіне(ол жоғарыда салынған) көбірек сәйкес келетін жамауды таңдап ал".

4-сурет
4."Шаршыны тап" әдістемесі.

Тест таңдамалы қабылдау қабілетін анықтайды.
Балаға 10 төртбұрыш бейнеленген сурет көрсетіледі. Олардың арасында 5 бірдей шаршы және шаршылардан аздап айырмашылығы бар 5 төртбұрыш: тік қабырғалары көлденең қабырғаларынан аздап ұзын немесе керісінше, бұрыштарының біреуі тік бұрыштан үлкен немесе кіші (5сурет).
Балаға барлық білдей фигураларды табу және көрсету ұсынылады.
Егер бала барлық немесе барлығына жуық дерлік шаршыларды тапқан болса, оның таңдамалы қабылдауға қабілеті бар екендігін көрсетеді.

5-сурет
5. "Дөңгелекшелермен жаз" әдістемесі

Фонематикалық естуін бағалау
Балаға бірнеше сөздерді әріптермен емес, дөңгелекшелермен жазуды ұсыныңыз. Сөзде қанша дыбыс болса,сонша дөңгелекше болуы керек.
Мысалы, сүт сөзін үш дөңгелекшемен: ооо белгілеу керек. Баланың тапсырмвны дұрыс түсінгендігін тексеріңіз. Бұдан соң зерттеуге кірісуге болады.
Балаға сөзді дауыстап айтасыз, ал ол қағаз парағында дөңгелекшелер түрінде жазады. Сөздер жиынтығы:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет