11тақырып: Салыстырмалы педагогика зерттеулерінің тәсілдері мен құрылымы
1. Салыстырмалы педагогика зерттеушілерінің тәсілдері
2. Салыстырмалы педагогика зерттеулерінің құрылымы
3. Зерттеулердің әдістері
4. Зерттеулердің ғылыми аппараты
Дүниежүзіндегі білім беру жүйесінің сан алуандылығы, педагогикалық тәжірбиенің қарама-қайшылығы, тәрбие және білім беру мәселелері жөнінде ғылыми мектеп тұжырымдамасы теориясы, әртүрлі бағыттарының көптігісалыстырмалы педагогикалық зерттеулер жүргізуде толып жатқан методологиялық тәсілддердің қолданылуына негіз болып отыр. Оның үстіне әр зерттеуші зерттелген мәселеге өз еліндегі білім беру ісінің және салыстырмалы педагогиканың даму дәрежесіне сай өз көзқарасын енгізеді. Салыстырмалы педагогикалық зерттеулерді жүргізуде дүнеиежүзілік тәжірбиеде қалыптасқан негізгі методологиялық тәсілдерді қарастыралық.
Елтану тәсілі жеке бір немесе бірнеше шетелдің білім беру жүйесін зерттеуді қамтиды. Зерттеуші шындықты бұлжытпай, болған жайды жинақтап қорыту арқылы соның өзіндік фотографиялық бейнесін жасауды жоспарлайды. «Мүмкіндігінше оның дәл суретін беру кейінгі кезеңде алынған нәтиженің айқын болуына негіз қалайды».
Достарыңызбен бөлісу: |