58. Психиканың екi формасы бар екендiгiн (объективтiк және субъективтiк) түсiндiр.
Ежелгі ойшылдар адам үшін басқа адамнан артық қызық объекті болмайтынын қателеспей айтқан. Психологияның зерттеу пәнінің негізіне, адам болмысының
табиғаты, психикалық құбылыстары, үрдістері, қасиеттері кіреді.
Психика – ғылым ретінде психологияның зерттейтін көптеген субъективтік құбылыстарын біріктіретін түсінік. Психикафилософиялық екі көзқарас бар: материалистік және идеалистік. Бірінші психикалық құбылыс өзін-өзі басқару мен өзін-өзі танып білудегі ерекшелігі. Ал идеалистік, психиканың түсіндірілуіне бір емес екі бастама
59. Тропизм (таксис) дегенiмiз не?
Тропизм - бұл өсімдіктердің немесе олардың мүшелерінің тітіркендіргішке бағыттала козғалуы. Таксис – бір жақты тітіркендіргіштермен тітіркендіргенде еркін қозғала алатын өсімдіктер мен жануарлардың, сондай-ақ жеке жасушалар мен органоидтар және жасуша бөліктерінің қозғалу реакциясы.
60. А.Н.Леонтьев биологиялық бейнелеуге қатысты тропизмдердi қалай түсiндiредi?
Ол шындықты адам психикасында бейнелеу процесі қалай жүреді және бұл процесс адамның нақты іс-әрекетімен қалай байланысты екеніне қызығушылық танытты.
адамның практикалық іс-әрекетін зерттеу оның ақыл-ой әрекетінің заңдылықтарын түсінуге мүмкіндік береді және керісінше;
адамның практикалық іс-әрекетін ұйымдастыруды басқару адамдардың ақыл-ой әрекетін ұйымдастыруды басқаруға мүмкіндік береді
Леонтьев теориясының негізгі ережелері:
Психология - бұл адамдардың өміріне делдал болатын шындықтың пайда болуын, жұмысын және құрылымын зерттейтін ғылым.
Адамның (тітіркену мен сезімталдық) сигнал беретін биологиялық әсерлерге жауап беру қабілеті.
Эволюциялық дамуда психика үш кезеңнен өтеді: элементарлы (сенсорлық) психика сатысы, қабылдау психикасы сатысы, интеллект сатысы.
61.Инстинктердiң психологиялық сипаты қандай?
Инстинкт(лат. іnstіnctus – түйсік) – организмнің сыртқы және ішкі тітіркендіргіштерге жауап ретінде пайда болатын туа біткен реакцияларының (мінез-құлық) жиынтығы; күрделі шартсыз рефлекстер. Француз ойшылы әрі дәрігері Ж.Ламетри инстинкт жан-жануарлардың бүкіл дене құрылымымен, жүйке жүйесімен байланыста болатынын атап көрсетті.
Достарыңызбен бөлісу: |