Психология пәнінің зерттеу объектісі


Ми iс-әрекетiнiң психикаға қатысын дәлелде



бет14/24
Дата20.02.2024
өлшемі56.57 Kb.
#492542
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24
Психология

67. Ми iс-әрекетiнiң психикаға қатысын дәлелде.
Психика – ерекше ұйымдасқан материя – мидың қасиеті есебінде психика пайда болады. Жоғары сатыда тұрған материяда ғана психика болады. Жоғары материя дегеніміз ми, нерв жүйесі. 
Нерв жүйесіның құрылысы, өте күрделі. Оны зерттеу оңай емес. Нервті зерттеу үшін ғылымда сан алуан әдістер қолданылады.

  1. Салыстырмалы физиология ғылымының фактілерін зерттеу.
    2)Эксперименттік

  2. Медициналық
    68. Зейiннiң танымдық iс-әрекетте алатын орны қандай?

Психикалық құбылыстардың ішінде зейіннің алатын орны ерекше. Зейін деп — адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылысты айтады.
69.Зейінді зерттеушілердің қандай теорияларын білесің?
Зейіннің физиологиялық негізін орыс физиологы, академик А.А. Ухтомскийдің (1875 – 1942) доминанта теориясы бойынша түсіндіруге болады. Бұл теория бойынша, сыртқы дүниенің көптеген тітіркендіргіштерінің ішінде біреуі миға күшті әсер етеді де, оның бір алабын ерекше қоздырады. 

70.Зейiн түрлерiнiң психологиялық мазмұны.
Ырықсыз зейін кейбір зерттеулерде пассивті зейін, енді бір құралдарда эмоциялық зейін деп аталады. Ырықты зейінді дұрыс ұйымдастырудың маңызды шарты – адамның психологиялық күйі. Шаршап шалдығып отырған адамның зейіні тұрақсыз болады. Үйреншікті зейін – зейіннің ерекше түрі. Ол ырықты зейіннен кейін ұйымдастырылады.
71.Зейiннiң қандай ерекшелiктерi (қасиеттерi) бар?
Көлемі- бір уақыт ішінде оның қамтитын объектілерінің санын айтады. Тахистоскоп аспабы.
Бөлінуі- бір мезгілде бірнеше нәрсені атқара білу. Алаң болушылық- бір объектіге саналы түрде зейінді аудара алмаушылық.
Тұрақтылығы- бір жұмысқа ұзағырақ тұрақталуы (Хирург, дәрігер) Аударылуы- бір объектіден екінші объектіге назар аудару.
72.Зейiн күйi дегенiмiз не?
Зейін қою, көбінесе, адамның айналысып жатқан іс-әрекетінің сипаты мен маңыздылығына байланысты. Сондай-ақ, ол адамның жеке бас ерекшеліктеріне, талап-тілегіне, мақсат-мұратына, ерік-жігер сапаларына, темпераментіне, мінез бітіміне байланысты болады. Зейіннің физиологиялық негізін орыс физиологы, академик А.А. Ухтомскийдің (1875 – 1942) доминанта теориясы бойынша түсіндіруге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет