Психология пәнінің зерттеу объектісі


Елестету деген не, оның қандай ерекшелiктерi бар?



бет20/24
Дата20.02.2024
өлшемі56.57 Kb.
#492542
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Психология

Елестету деген не, оның қандай ерекшелiктерi бар?

Елестету (Елес) — бұрыннан бар тәжірибе негізінде жаңа түсініктер, ойлар мен бейнелер жасайтын психикалық процесс. Олардың негізгілері: есте қалдыру, қайта жаңғырту, ұмыту.
Қайта жаңғырту процесi елеспен тығыз байланысты. Қайта жаңғырту түрлi елестермен негiзделе жарыққа шығып отырады.
Оқу процесiнде балалардың елесiн тәрбиелеуге үлкен мән берiледi. Мысалы, баланы оқуға, жазуға үйрету анық, дәл елестерсiз мүмкiн емес. Егер оқушыда әрiптердiң жазылуы жөнiнде анық елес болмаса, ол дұрыстап жаза алмайды. Көру елестерi сурет сабағында аса қажет. Баланың зат жөнiндегi елестерi анық болса ғана, ол суреттердi соған сәйкес етiп сала алады. Елестер қабылдаулардың негiзiнде қалыптасып отырады. Сондық-тан баланың қабылдауы толық болса ғана елестерi де толық болады.

  1. Ұмытудың пайдалы және зиянды жақтары.

“Ұмытшақтық – мидың қалыпты қызметі. Ми өзіне қажет емес ақпараттарды жою (ұмыту) арқылы барынша ұтымды шешім қабылдап, тығырықтан шығуға ұмтылады. "Адамның миы жаман, ескі және қажет емес ақпаратты ұмытуға бейім. Зияндылығы керекті ақпараттарды, маңызды заттардың ұмытылуын айтамыз.

  1. Естiң даралық ерекшелiктерi деген не?

Біреулер есінде тез сақтап, анық жаңғыртады. Кейбіреулер белгілі бір нәрсені, суретті, ал басқалар сөзді, енді біреулер ән күйде, сөз ырғағын есінде жақсы қалдырады. Ес осындай ерекшеліктеріне орай типтерге бөлінеді. Мәселен көру есі, есту есі, қимыл-әрекет есі, аралас ес. Көру есіне бейім адам көргенін ұзақ уақыт бөліп есінде сақтай алады.

  1. Ойлаудың психологиялық мазмұны қандай?

Ойлаудың психологиялық теориясы Ойлау дегеніміз-сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс-қатынастарының мида жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі. Ойлау негізінде адамның қоршаған дүние жөніндегі танымы тереңдей түседі.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет