73.Зейiннiң басқа психикалық процестермен байланысы қандай?
Зейін өздігінен жеке-дара психикалық процесс те, жеке адамның қасиеті де болып саналмайды. Ол әрқашан адамның өмір тәжірибесіндегі іс-әрекетіне, таным процестеріне тікелей қатысты болып, оның қызығуын, бағытын көрсетеді.Зейін-кез-келген психикалық процестің тұрақты бір жағы.Сөйтіп ол адам іс-әрекетінің сапалы әрі нәтижелі болуын жәрдемдеседі.Зейін дегеніміз-сананың белгілі бір нәрсеге бағытталып, оның айқын бейнелеуін қамтамассыз етуі.
74.Зейiннiң бұзылу (зейiнсiздiк) себептерi?
Зейін күйінің тағы бір қыры-зейінсіздік немесе зейіннің шашырап алаңдауынан байқалатын ерекшелік. Ауыр жұмыстан шаршау, терең ойға бату, қызықсіз істі орындау сияқты себептер кісі зейінін шашыратып, оны алаңдауға ұшыратады.
Белсенсіз зейін шартсыз рефлекске негізделген, дерт әсеріне тұрақты болады. Зейіннің жиі бұзылыстарына оның қажуы, алаңдаушылығы және қадалуы жатады.
75.Түйсiктердiң қарапайым психикалық процесс екендiгiнiң себептерi.
Түйсік- біздің айналамызда, ішкі жан дүниемізде не болып жатқанын хабарлап отыратын қарапайым псих.процесс, осы процесс арқасында біз ортаны бағдарлап соны жағдайына қарай, қимыл жасауға тырысамыз.
76.Талдағыштардың түйсiктер үшiн маңызы қандай?
И.П. Павлов түйсіктердің пайда болуын жүйкедегі талдағыштардың (анализатор) жұмысына байланысты түсіндіреді. Талдағыштардың үш бөліктен тұрады. Біріншісі – сезім мүшесі (рецептор), екіншісі – мидағы жүйке талшықтары, үшіншісі – мидағы әр түрлі жүйке орталықтары.
77.Тiтiркендiргiштер мен рецепторлардың жанасуына орай қандай түйсiктердi анықтауға болады?
Адамның сыртқы бес сезім мүшесіне орай көру, есту, сипап сезу, иіс және дәм түйсіктерін ажыратқан. Қазіргі кезде сыртқы және ішкі ортаны рецепторда бейнелейтін 20-дан астам түрлі талдағыштар бар деп саналады. Түйсіктер бірнеше негіз бойынша жіктеледі. Түйсік туғызатын тітіркендіргіш пен рецептордың тікелей жанасуының болатындығы немесе болмайтындығына қарай дистанттық және түйісу рецепторлары болып бӛлінеді. Түйсіктің бұл түрлері жақын ортада бағдар жасауды қамтамасыз етеді. Дәм сезу, ауырсыну, тактильдік түйсіктері түйісу рецепторларына жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |