Ой болжамы деп ненi айтады?
Ой-болжам адамның болашаққа деген жоспарлары мен арман-тілектерін сомдайтын шеберхана. Құлшыныс пен ұмтылыс формаға ие болып, біздің санамыз арқылы болжамдануды қозғалысқа түсіреді.
Ойлаудағы сөз бен сөйлеудiң атқаратын ролi қандай?
Сөйлеу психикалық әрекетті негізінен мүмкін етеді. Ауызша формада ой бекітілген, оны қабылдау және талдау үшін саналы етеді. Сөйлеу мен ойлаудың байланыс дәрежесі баланың ішкі сөйлеу қабілетін қалыптастыру процесінде айқын көрінеді.
Сөздің атқаратын қызметі мынадай. Қарым-қатынас, байланыс құралы ретіндегі коммуникативтік қызметі; Затты атап білдіруіне байланысты атауыштық қызметі.
Қиялдың өзге психикалық процестерден ерекшелiктерi қандай?
Қиял дүниені жалпылай және жанама танытатын, ұғымдық мазмұнды негіз еткен ойлаудан ерекшеленеді, себебі ол жарқын елестер түрінде көрініп, нақты бейнелі формада жасалады. Қиялда түзілетін нақты, дәл бейнелерде көбіне заттық болмыстан алшақ теориялық ойлар ашылып отырады. әрбір қаламгер, суреткер шығармашылық еңбегінде өз ойын басқаларға дерексізденген ұғымдармен емес, нақ бейнелермен түсіндіруге тырысады.
Қиялдың қандай түрлерi бар?
Қиялдың түрлері. Қиял екіге бөлінеді: ырықты (актив) қиял, ырықсыз (пассив) қиял.
Ырықты қиял
Қиялдың бұл түрі - адамның саналы түрде мақсат қоюымен байланысты образдардың әдейілеп жасалуы.Қиялдың мұндай белсенді түрі балалардың ойнау әрекетінен де байқалады.
Ырықсыз қиял
Қиялдың бұл түрі-адам алдына ешбір мақсат қоймай,басындағы елестердің ағытылып жатуын бақыламаған кезде туатын формасы. Мұндай қиял жеткіншектерде жиі кездеседі. Қиялдың бүтіндей пассивтік түрінің шегі - түс көру.
Мақсаттылық қандай қиялға тән?
Адамның өткендегі тәжірибесіне сүйеніп, білгілі бір іс-әрекетті (қабылдау, ойлау, белгілі бір мақсат- қа бағытталған қимыл-әрекеті және т.б.) орындауға дайын болуы. Мақсат ойлау нәтижесінде болашақты алдын ала болжау арқылы туатын мұрат, ішкі қозғаушы күшті білдіреді
Достарыңызбен бөлісу: |