78.Рецепторлардың орналасуына қарай түйсiктердi қандай топтарға бөледi?
Орналасуына қарай түйсіктерді үлкен үш топқа бөлуге болады: дененің беткі қабатында орналасуына қарай
экстерорецептор (есту, тактильдік т.б.) бұлшық етте орналасқан түйсіктер проприорецептор (кинестезиялық, статикалық, вибрациялық т.б.) және ішкі мүшелеріміздің күйін бейнелейтін яғни, аштықты, шөлдегенді, ыссысуықты түйсіну интерорецепторлар (органикалық түйсіктер) болып бөлінеді.
Көру түйсiктерi туралы қандай теориялар (М.В.Ломоносов, Г.Гельмгольц және т.б.) бар?
Көру мүшесі - көз. Оның негізгі бөлімі - көз алмасы. Көз алмасы - үш түрлі қабықпен (ақ түсті тамырлы және торлы) қапталған шар тәріздес. Онда 130 миллионға жуың таяқша, 7 миллиондай шақша жасушалары бар. Таяқшалар ымыртта, қараңғыда көрудің, ал шақшалар күндіз көрудің аппараты делінеді. Заттардың түстерін көру "үш түсті көру" теориясымен түсіндіріледі. Осы теорияны алғаш ұсынған ұлы орыс ғалымы М.В. Ломоносов болса, оны одан әрі дамытқан неміс ғалымы Г. Гельмгольц.
Есту түйсiктерiнiң механизмдерi қандай?
Есту түйсіктері. Құлаққа жағымдыларын - консонанс, ал жағымсыздарын - диссонанс дыбыстары дейді, консонанс - үйлесімді, жағымды деген мағынада айтылады. Дисонанс - "үйлесімсіз" деген мағынада. Есту мүшесі - құлақ үш бөлімнен тұрады. Оның біріншісі - сыртқы құлақ. Сыртқы құлаққа дыбыс түтігімен қосылған құлақ қалқаны жатады. Ортаңғы құлаққа - төстік, үзеңкі кіреді. Есту мүшесінің үшінші бөлігі - ішкі құлақ.
Ішкі құлақтың бітісі өте күрделі, оның өзі үш бөліктен - босағадан, иірім түтіктен және жартылай имек каналдардан тұрады.
Кинестетикалық, органикалық, статикалық, вибрациялық түйсiктердiң адам өмiрiндегi маңызы?
Кинестетикалық түйсік - қимыл мүшелерінің кеңістікте өз қалпын өзгерткенде туып жататын процестеріне байланысты. Бұл түйсіктің рецепторлары бұлшық еттерде, сүйектерде, бір-бірімен байланыстысіңірлердө, буын аралығанда болады.
Статикалық түйсіктерді тең басу түйсіктері деп те атайды.Бұл түйсіктің рецепторлары ішкі құлақтағы вестибулярлық аппаратта (кіре берісте) орналасқан. Статикалық түйсік бастың қозғалысын, дененің кеңістіктегі орнын, адамның тең басуын бейнелейді.
Органикалық түйсік - адамның органикалық қажеттерімен тығыз байланысты. Оларға қарын ашу, тою, шаршау, жүрек айну, т.б. жатады.
Вибрациялық түйсік - қозғалған заттардың ауаны толқытуын денеміздің барлық жерлерімен түйсіну сезімдері.
Достарыңызбен бөлісу: |