«Психология тарихы» пәні бойынша дәріс сабақтарының тезистері


-тақырып. Негізгі психологиялық мектептер



бет20/31
Дата02.10.2022
өлшемі271.5 Kb.
#461807
түріСабақ
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   31
5 тезис тарих

7-тақырып. Негізгі психологиялық мектептер.
Бихевиоризмнің пайда болуы және дамуы
Бихевиоризм - ХХ ғасырдың басында америкалық психологиялық ғылымда пайда болған бағыт. Бихевиоризмнің зерттеу пәні ретінде мінез-құлық категориясы болды (behavior- ағылшынша мінез-құлық). Мінез-құлық реакцияларын зерттеумен көптеген ғалымдар айналысқан, соның ішінде атақтылары: Д.Б.Уотсон, Э.Торндайк, Ф.Б.Скинер.
Джон Бродес Уотсон (1878-1958), американдық психолог, бихевиоризмнің негізін қалаушы. Фурман колледжінде және Чикагалық университетінде білім алады. Дж. Хопкинстың Балтықтеніз университетінде жене Чикагалық университетте қызмет атқарады. Өз өмірінің соңғы он жылдығында жарнама агенттігінде Д.Уотсон коммерциялық жұмыспен айналысқан.
1913 жылы Д. Уотсон «Психология бихевиористерден көзқарасы тұрғысынан» атты мақала жазады, бұл мақала пихологиядағы жаңа бағыттың манифесті болды. Д.Уотсонның дәл осы мақаласының “Psychological Review” журналында басылып шыққан күні бихевиоризмнің пайда болған күні деп есептелінеді. Бұл жұмысында Д.Уотсон мінез-құлықты организмнің сыртқы стимулдарға реакциясы ретінде қарастыруды және мінез-құлыққа зерттеулер жүргізу қажеттігі жайлы пікірін жазады.
Д. Уотсон сананың жағдайын бақылаудың қажет еместігі жайлы тезис айтады. Ол атақты стимулды –реактивті формуланы S-R (стимул-реакция) сипаттаған. Д. Уотсон мінез-құлықты сыртқы тітіркендіргіштердің организмге әсерін бақылаумен және организмнің оған жауабымен түсіндіруге болады деген.
Д. Уотсонның ойынша эмоциональды реакцияларды басқаруға болады деген, оны ол кішкентай балаларға зерттеу жүргізу арқылы дәлелдемек болды. Эксперимент кезінде балаларда қатты дыбыс және қоянды көрсету арқылы қорқыныш сезімін тудырмақшы болған. Уақыт өте келе қорқыныш сезімі балаларда кез-келген мамық жүнді жануарды көргенннен пайда болған.
1928 жылы Д. Уотсон Р. Рейнермен бірігіп ата-аналар арасында үлкен қызығушылық тудырған «Балаларды психологиялық қолдау» атты кітап шығарады.Бұл кітапта ата-аналарға арналған нұсқаулар жазылған, ал тәрбиелеу процесі үйрету процесі ретінде қарастырылды.
Торндайк Эдвард (1874-1949), американдық психолог. Уэсли қаласындағы және Гарвард университеттерін бітірген.
Жануарлармен жүргізілген эксперименталды зерттеулерінде Э. Торндайк өзі құрастырған мәселелі жәшіктерді пайдаланған, олар өздерінің құрылымының қиындығы бойынша әр деңгейлі болған. Жануарды (мысық, ит) мәселелі жәшікке салу арқылы олардың қозғалыс реакцияларын бақылаған. Жануар белгілі механизмді жұмыс істеткенде ғана жәшіктен шығып және жемді алады. Алынған эмпирикалық мәліметтер қатал түрде графикте қисық түрінде тіркеліп отырған.
Э. Торндайк жануарда бостандыққа шығуда кездейсоқ жеңіске жеткенде, зерттеуді қайталағанда бостандыққа әкелмейтін іс-әрекеттерді азайтқан. Зерттеуді бірнеше рет қайталағанннан кейін жануар бостандыққа әкелетін жолды тез тапқан. Зерттеудің нәтижесі арқылы байқап көру, қателесу және кездейсоқ жеңіс принциптері сипатталды, осылардың көмегімен жануар бүкіл өмір барысында мінез-құлықтың жаңа формаларын игеруге қабілетті болады.
Э. Торндайк үйретудің бірнеше заңдылықтарын қалыптастырған, олардың ішінде: 1)жаттығу заңы мұнда жағдай мен реакция арасындағы берік байланыс қайталау жиілігіне негізделген; 2)эффект заңы байланыс беріктіктігі, егер байланыстың орнатылуы ләззат алумен байланысты болумен түсіндірілген. 3) дайындық заңы негізінде байланыс орнату жылдымдығы субьектінің жүйке жүйесінің ерекшеліктерімен түсіндірілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет