«Психология тарихы» пәні бойынша дәріс сабақтарының тезистері



бет21/31
Дата02.10.2022
өлшемі271.5 Kb.
#461807
түріСабақ
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   31
5 тезис тарих

Скиннер Беррес Фредерик (1904-1990), американдық психолог. Білімді Нью-Йорктағы Гамильтон колледжінде және Гарвард университетінде алады. Миннесота, Индиана және Гарвард университеттерінде жұмыс істеген.
Гарвард университеттерінде ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып және жануарлардың мінез-құлық ерекшеліктерін зерттеп Скиннер эксперименталды жәшік ойлап тапты, кейін оны «Скиннер жәшігі» деп атады.
Б. Скиннер мінез-құлықтың екі типі болады деген: оперантты және респондетті. Респондентті мінез-құлық дегеніміз – қандайда бір стимулдың әсеріне жауап ретінде пайда болатын реакциялар. Ал оперантты мінез-құлық негізінде аяқ астынан пайда болатын реакция содан кейін ғана оның бекітілуі болатын мінез-құлық түсіндірілген. Б. Скиннер бірнеше түрден тұратын оперантты мінез-құлықтың типологиясын ұсынды: 1) құрал-жабдықтармен негізделген, 2) байқап көру мен қателесу арқылы үйрету, 3) вербальды негізделген, 4) түсініктердің қалыптасуы.
Б. Скиннер «оперантты негізделу» техникасын жасаған, оның көмегімен мінез-құлықтың түзетілуі біртіндеп бекітудің көмегімен жүзеге асқан. Оперантты негізделу АҚШ-та кең тараған, ақыл-ойы кем балаларды тәрбиелеуде эффективті құрал ретінде қолданған.
1957 жылы шыққан «Вербалды мінез-құлық» атты монографиясында Б.Скиннер сөйлеудің дамуын оперантты мінез-құлықтың қалыптасуымен контексте қарастыруға болады деген тезис ұсынған: бала ересек адамнан жағымды не жағымсыз бекіту арқылы сөзді айтады.
Психоанализдің пайда болуы және дамуы.
Психоанализ психологиялық ғылымның бағыты ретінде ХІХ ғ. Аяғында пайда болды және ХХ ғ. алғашқы он жылдығында қалыптасты. Адамның психикалық өмірінде бейсаналыққа акцентжасай отырып, психоанализдің негізін қалаушы З.Фрейд ғылыми қауымдастықта орасан зор дискуссия тудырды. Неврозды емдеудің концептуалды құралы ретінде пайда болған психоаналзи кейіннен мәдениет пен қоғамға ықпалын тигізген орасан зор қозғалысқа айналды.
Фрейд Зигмунд (1856–1939), австриялық психолог, психиатр, психоанализдің негізін салушы. Вена университетінде медициналық білім алады. 1881жылы З.Фрейд медицина бойынша докторлық дәреже алады. 1885 жылы З.Фрейд зерттеуші стипендиясын алғаннан кейін, сол кезде истерияны зерттеу саласында едәуір табысқа жеткен Париждегі Ж.М. Шаркоға сынақ іске (стажировка) барады. ХІХ ғ. 80-ші жылдары И.Брейермен бірге еркін әңгімелеу әдісін қолдана отырып, истерияны емдеуде табысқа жетеді. 1885 жылы И.Брейермен бірлесе отырып «Исследование истерии» атты кітапты жарыққа шығарады. Бұл кітап беттерінде пациенттің санадан ығыстырылған жарақаттық бастан кешірулері истерияның себебі болып табылады деген идея жазылған.
1900 және 1905 жылдар аралығында З. Фрейд ғылыми қауымдастықта резонанс тудырға бірнеше кітабын шығарады. Бұл кітаптарда психоанализдің концептуалдық қағиадалары берілген.
1900 жылы – «Толкование сновидений»;
1901 жылы – «Психопатология обыденной жизни»;
1905 жылы – «Три эссе о сексуальности»; «Юмор и его отношение к бессознательному»
1902 жылы З.Фрейд бастамашылығымен «Психологиялық орта қоғамы» құрылып, 1908 жылы ол Вена психоаналитикалық қоғам деп аты өзгереді. Бұл қоғамның мүшелері және З.Фрейдтің шәкірттері, ісбасарлары: А. Адлер, Э. Джонс, О. Ранк, Г. Сакс, П. Федерн, Ш. Ференци, К. Г. Юнг және басқа көптеген ХХ ғ. танымал психологтары.
1938 жылы Австрия фашистер жаулап алғаннан кейін З.Фрейд Ұлы Британияға қоныс аударуға мәжбүр болып, сол жерде қайтыс болады.
Психоанализ бағыты өкілдерінің бахевиористерден, гештальтпсихологтардан айырмашылығы психологияда ғьглыми білімді құрудың үлгісі ретінде дәл және жаратылыстану ғылымдарьша бағдарланған жоқ, ал олар тоқыраудан шығудың жолын медицина және психологияның өз шеңберіңде табуға ұмтылды.
Фрейдизм, оның негізі мынада — адам туралы психологиялық білімді жаңа өмір шыңдығымен толтыруға, практикалық психологиялық, ең аддымен психотерапевтік міндеттерді шешу үшін пайдалы теорияны құруға және ақпаратты қабылдауға ұмтылды.
З. Фрейд өзінің ғылыми ізденістерін психотерапевтік тәжірибені талдаудан және жинақтаудан бастауы кездейсоқ емес, содан кейін жинақтаған тәжірибені психологиялық теорияға айналдырды.
Фрейдизм үшін негізгі ұғымдарға "сана" жөне "санасыздық" жатады. Психоанализ ілімінің болашақ тағдыры жөне оған көзқарас әртүрлі елдерде түрліше қалыптасты. Алғашында З.Фрейдтің ең жақын шәкірттері мен ізбасарлары және психиатор-дәрігерлердің кейбіреулерінен басқалары оған өте салқын қатынаста болды. Кейіннен психоталдау бағытын жақтаушылар Германия мен Австрияда, Еуропа мен АҚШ-та күні бүгінге дейін кеңінен таралды.
Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында кеңес психолог-ғалымдары оған қызығушылық танытты. Сол кезде үстемдік еткен субъективтік идеалистік психология бұл ілімнен материалистік балалықтың бірден бір мүмкіншілігін көре білді. Кейін, 30-жылдары, психологиялық зерттеулерді шектеумен бірге ("Халық ағарту комиссариаты жүйесінде педологиялық бұрмалаушылықтар туралы" белгілі қаулыда) З.Фрейдтің ілімі қатты сынға алынды. Осы қаулыдан кейін біздің елімізде Фрейдтің еңбектерін аударуға және баспа бетінде жариялауға тиым салынды. Соңғы жылдары әлемде кеңінен таралған Фрейдтің психологиялық іліміне қызығушылық қайтадан өсіп отыр.
XX ғасырда психологтардың ішінде австрия дәрігері Зигмуңд Фрейдке ерекше орын берілді. Оның негізгі еңбегі "Түс көруді талқылау" 1900 жылы жарық көрді. Сол кезден бастап, психологияда бір-бірін әртүрлі ғылыми беделді тұлғалар ауыстырды. Олардың ішінде бірде-бірі бүгінге дейін Фрейд және оның ілімі сияқты ынта туғызған емес.
З. Фрейд тек ауру адамдардың ғана емес, дені сау адамдардың көңіл-күйі мен мінез-құлқын түсіндіретін теорияны негіздеді. Бұл теория Батыс елдерінде кеңінен тарады, үлкен беделге ие болды. Фрейд теориясы көптеген шет елдерде психология, психотерапия, психиатрия оқулықтарына берік енген. Фрейдизм бағыты адам туралы басқа ғылымдарға — социологияға, педагогикаға, антропологияға, этнографияға, сонымен қатар өнер мен әдебиетке ерекше ықпал етті.
З.Фрейдтің еңбектерінде күрделі психологиялық проблема ретіңде адамның сексуалдық өмірі туралы мәселе қойылды. З.Фрейдтің түсіндіруінше, жас жеткіншек балалардың әртүрлі жағымсыз іс-әрекеттерге бейімділігі оларды жыныстық инстинктердің билеуінен деп түсіндіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет