Жеке тұлға дегеніміз - сана сезімі, тұлғалық, ізгілік қасиеті қалыптасқан, өзіндік мақсаты мен өмір жолын таңдай білетін, тәрбиелі, білімді, іскер, танымдық қызығушылығы басым,барлық күш жігерін өзіндік игілігіне жұмсай алатын, саналы тіршілік иесі.
Жеке тұлға сонымен бірге, индивидуалдылықтың өте айқын әрі ашық сипаттарының үйлесімділігі ретінде де қарастырылады. Соған орай, жасқаншақтық пен қайырымдылығы оның мінездік сипаты деп ескеріп, адам туралы ол «тіл табысқыш жеке тұлға» немесе «жасқаншақ жеке тұлға» деп айтуға болады.
3.2 «Интеллектуалдық әлеует» ұғымының мәні мен мазмұны
Интеллект (лат. іntellectus — таным, ұғыну, аңдау) — жеке тұлғаның ақыл-ой қабілеті. Ақыл-ой сезімі адамның таным әрекетімен байланысты.
Алғашында бұл термин адам психикасының орынды ойлау функцияларын белгілесе, казіргі кезде оған барлық танымдық үрдістер кіреді. Интеллект - адамның болмысты тануының негізгі нысаны. Интеллект - ақпаратты мақсатты бағытта қайта өңдеуге, реттеуге, оқуға қабілеттіліктің күрделі жүйелерінің танымдық іс-әрекеті. Интеллект функцияларыоқуға деген қабілеттілік; қоршаған болмысының заңдылықтарын белсенді меңгеруге қабілеттілік. Бірқатар психологиялық тұжырымдамаларда интеллект ақыл-ой операцияларының жүйесімен теңестірледі. Теориялық және практикалық Интеллект жеке адамның эмоциялық- еріктік ерекшеліктерімен байланысты. Интеллект түрлері:
абстрактылы интеллект;
ересектер зияты;
нақты интеллект;
кристалданғая интеллект;
қарапайым интеллект;
жануарлардың зияты;
жасанды интеллект болып бөлінеді.
Интеллект концептосферасы – бүкіл жаратылыстағы мән-мағынасы (биофизиологиялық, психологиялық, философиялық, логикалық, лингвистикалық) толығымен ашылмаған ғылыми арна. «Интеллект» концептісі – ғылымдағы ең көне әрі ең жас ұғым. Себебі, ол адамның жаратылысымен бірге қалыптасып, бүгінгі күнге дейін бірге тарихи кезеңдерді артқа қалдыруымен қатар, әлі де қаншама ғылыми аспектілерднің «назарында» жүр. Қазіргі таңда адамның интеллектуалдық қабілетін сипаттайтын тілдік бірліктерді концептуалдық тұрғыдан қарастыру өз жалғасын табуда. Ендігі ретте мағыналық, концептуалдық, аспектілік қызметі көпқырлы болып келетін интеллектінің ментальдық сипатын көрсету – қазіргі ғылымның талабы.
«Интеллект» концептісінің мағыналық-ақпараттық өрісі өте кең. Бұл – әлемнің кез келген халқында, ғылым кеңестігінде қалыптасқан тұжырым. Дегенмен, әр халықтың ментальдық ерекшелікеріне байланысты тілдік бірліктерінде, қолданысында, концептуалдық өрісінде айырмашылықтар, тек өзіне ғана тән белгілер болатындығы да ақиқат. Осыған байланысты қазақ тілідегі «интеллект» концептісінің лингвомәдени мәнін ашуды мақсат етіп отырмыз.
«Интеллект» - ақыл, ақыл-парасат, ес, түсінік, таным – ойлау қызметінің жоғарғы типі. Интеллектуалдық – адамның табиғат берген ой, сана, тану, ақыл, парасат секілді қасиет-қабілеттерін оқу, білім алу, тәжірибе жинақтау арқылы жетілдіруі, оны өзін және қоғамды дамыту үшін және жаңа жағдайларға сай бейімдеп қолдана алу қабілеті. Интеллектуалды тұлға – өмірдің кез келген ағымында пікірлесе алатын, жаңашыл-шығармашылық тұрғыда өзіндік білім алуға дайын, интеллектуалды қабілеті дамыған тұлға.
Интеллектуалды әлеуетті тұлға – адамгершілік және ұлттық құндылықтарға негізделген жаңа және арнайы мамандандырылған білім көздерін жоғары дәрежеде игеру арқылы пайда болған білім, білік, құзыреттерді өзінің, ұлты мен Отанының мүддесіне жарата алатын дара тұлға.
Балалар дарындылығы аумағындағы белгілі ғалым Н.С. Лейтестің анықталуы бойынша педагогика тәжірибесінде дарындылықты үш топқа бөлген: IQ жоғары балалар, белгілі бір бағытта жоғары нәтижеге жеткен балалар және креативтілігі жоғары балалар.
Дарынды балалардың танымдық әрекетінің даму ерекшеліктері төмендегідей:
Білуге деген құштарлығы
Ойлау қабілетінің жоғарлығы
Терең ойлауы
Жаңа ой тудыру қабілеттілігі
Ассоциацияға жеңілділігі
Болжамдылық қабілеті
Зейіннің жоғарылығы
Өте жақсы есте сақтау мүмкіндігі
Қызығушылығы мен қабілеттілігі
Қазіргі кезде дарындылық ұғымы өте кең көлемде қамтылған. Соның ішінде ең жаңашыл концепция американ ғалымы Дж. Рензуллидің концепциясы бойынша дарындылықтың негізгі үш бағыттан тұрады:
Интеллектуалдық қабілеті (орта деңгейден жоғары);
Креативтілік;
Табандылық (белгілі бір міндетке бағытталған).
Сонымен бірге Рензуллидің үлгісінде тәжірибе негізіндегі білімі (эрудиция) және қоршаған орта қарастырылған:
Осыған байланысты біз өз тәжірибемізде дарындылықтың төмендегідей үлгісін келтірдік:
|