Ғылыми-зерттеу жұмыстары – қол жеткен білімдерді кеңейту және жаңа білімдер алу, ғылыми топшылауларды тексеру, табиғат пен қоғамда көрініс табатын заңдылықтарды анықтау, жобаларды ғылыми тұрғыда жинақтап қорытындылау, ғылымды негіздеу мақсатындағы зерттеулер, тәжірибелер жүргізумен, ғылыми ізденістермен байланысты ғылым сипаттағы жұмыстар, талдамалар.
Ғылыми зерттеу бағдарламасын құру
Ғылыми зерттеулер бағдарламасы - бұл объектіні зерттеудің әдіснамалық, әдістемелік-процедуралық негізі бейнеленетін ғылыми құжат. Ғылымипсихологиялық зерттеу бағдарламасын жасау барысында мына мәселелер шешіледі: объект таңдау, әдістемелерді іріктеу, мәліметтерді талдау және өңдеу, эмпирикалық информацияның сенімділік мәселесі, мәліметтерді ғылыми интерпретациялық мәселесі.
Осы мәселелер жан-жақты қамтылған психологиялық бағдарламасы ғана болашақта жақсы нәтиже беруі мүмкін. Осыған орай, ғылыми-психологиялық зерттеу бағдарламасы 3 қызмет атқарады.
- Әдіснамалық қызмет - бұл бағдарламаның ғылыми мәселені анықтау, психологиялық мақсаты мен міндетін қалыптастыру, зерттелетін объект туралы бастапқы түсініктерді тіркеу, осы зерттеудің бұрын жүргізілген немесе ұқсас жағдайларда жүргізілетін зерттеулермен қарым –қатынасын анықтау мүмкіндігін беруіне байланысты жүзеге асатын қызмет.
- Әдістемелік қызмет - бағдарламалық зерттеудің жалпы логикалық жоспарын жасау, зерттеу циклін «теория –факт-теория» жасау мүмкіндігімен байланысты қызмет. Бұл қызмет әдістері пайдалану, ақпараттар жинау, салыстырмалы талдаулар жасауды көрсетеді.
-Ұйымдастырушылық қызмет - зерттеу мен мүшелерінің арасындағы еңбек бөлінісі жүйесінің нақты жағдайларын белгілейді. Бұл өз кезегінде зерттеу барысын бақылау мен тіркеуді жеңілдетеді.
Гипотезаның мәні, түсінігі және түрлері.
Гипотеза (гр.—негізгі, жорамал) — белгілі бір құбылысты түсіндіру үшін алға тартылатын және тәжірибе түрінде тексеруді және сенімді ғылыми теория болып қалыптасу үшін теориялық негізді талап ететін ғылыми болжам, дәлелденбеген тұжырымдама, жорамал.
Гипотеза түрлері:
Танымдық қызметтеріне қарай: сүреттеуші гипотеза, түсіндіруші гипотеза
Зерттеудің объектісіне қарай: жалпы және жеке
Достарыңызбен бөлісу: |