Мінез психологиясы: дамудың феноменологиясы және заңдылықтары
Мінез – адамның негізгі өмірлік бет алысын және оның өзіндік әрекетінің айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешелік. Ол – көп қасиеттердің бірлігі, түрлі өзгешеліктердің қосындысы, сонымен қатар адамды әр қырынан көрсететін қасиет. Мінез бітістері көп. Олардың бәрі де жеке адамның қасиеттері болып табылғанмен, мұның кез-келгені мінездің бітістері болып саналмайды.
Мінезді даралық өзгешеліктің өзегі, адамның негізгі тіршілік бағытының өрнегі деуге болады. мінезде адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасының тарихы бейнеленеді. Мінез – кең мағыналы ұғым. Онда түрлі сапалар тоғысып жатады. Мінездің моральдық жағынан тәрбиелілігі, бірқалыптылығы, толықтылығы, күші мен айқындығы, салмақтылығы – оның негізгі сапалары болып есептелінеді.
Мінез бітістері. Белгілі қоғам мүшелеріне ортақ мінездердің қатарына: Отанға берілгендік, адалдық, шыншылдық, еңбекке және қоғам мүлкіне дұрыс көзқарас, ұжымшылдық, гуманизм, борышын және жауапкершілігін түсіну, қиыншылықтарды жеңіп шығуға дайын болу, кішіпейілділік, қарапайымдылық, сергектік, жолдастық, т.б. жаткызуға болады.
Психологиядағы қабілеттер теориясы. В.Д. Шадриковтың ментальді даму және қабілеттер концепциясы
Қабілет дегеніміз – адамның бір іс-әрекетті орындауда әрқилы деңгейде көрінетін жеке қасиеті. Оны данышпандар асыл мұраға да теңейді. Өйткені, кез келген адамда ерекше бір көзге түсетін қасиет болады. Егерде сол адам оны қастерлеп, өмірмен біте қайнасып жүруіне үнемі жағдай жасап отырса, иесінің қолынан келмейтін нәрсе жоқ. Мұндай жан бәрібір өзінің алдына қойған мақсатына жетіп, еңбегінің жемісін татады. Олардың өз отбасына да, туған-туыс, қоғамына да тигізетін пайдасы зор.
В.Д. Шадриков берген анықтама бойынша, қабілеттілік-әрекеттің өзіндік сапалы орындалуының сәттілігінде көрінетін, айқын индивидуалды өлшемге ие, ақпаратты есте тұту, есте саққау, ұмыту функцияларын атқаратын жүйе қасиеті ретінде анықтауға болады.
Психологияда кез-келген қабілеттер емес, тек психикалық қабілеттер қарастырылатындығын ескеру қажет. В.Д.Шадриков былай жазады: “Психикалық қабілеттер дегенде объективті бар әлемді суреттеу функциясын жүзеге асыратын ерекше жолмен қүрылған материя – бас миының қасиеттерін түсінеміз . Олар – сезіну, ойлау, сезу т.б. қабілеттер”.
Қабілет жалпы, арнаулы болып бөлінеді. Жалпы қабілет бұл адамның ақыл-ой қабілеті.
Арнаулы қабілет - іс-әрекеттің, мәселен, әдебиет, сурет өнері, музыка, сахна өнері т.б. арнаулы салаларда, жоғары нәтижеге жетуге жәрдемдесетін жеке адам қасиеттерінің жүйесі.
Достарыңызбен бөлісу: |