Психологияның дербес ғылыми пән ретінде


Сөздік- логикалық немесе мағыналық ес



бет9/12
Дата18.01.2024
өлшемі39.14 Kb.
#489335
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Психологияның дербес ғылыми пән ретінде қалыптасуы

Сөздік- логикалық немесе мағыналық ес – бұл сөз формасында айтылған айтылған ойды есте сақтап және ұстап, кейін қайта жаңғырту.
Бейнелендіру немесе елестету есі адамдардың түрлерін, табиғат суреттерін, жиһаздарды, музыкалық әуендерді, иіс, дәмдерді есте сақтауға, қайта жанғыртуға көмектеседі.
Қысқа мерзімдік және ұзақ мерзімдік ес.
Қабылдау: негізгі қасиеттері және түрлері
Қабылдау дегеніміз – заттар мен құбылыстардың миымызда тұтастай бейнеленуі болып табылады. Қабылдауда заттар мен құбылыстардың түсі, дыбысы, дәмі, исі, формасы т.б. қасиеттері тұтас күйінде бейнеленеді. Қабылдау процесінде адамның өткендегі тәжірибесі ерекше орын алады. Сыртқы ортадан адамға дамылсыз ақпарат келіп тұрады. Бұлардың бәрін дұрыс қабылдай алмайды. Егер бала өмір бойы поезды көрмей өссе, оны бірден жақсы тани алмайды.
Қабылдаудың физиологиялық негізі – ми қыртысындағы талдағыштар (анализатор) жүйесінің бірлескен анализдік – синтездік қызметінің нәтижесі. И.П. Павлов қабылдауды мидағы «қатынас рефлексінің» жұмысы. Сөйтіп қабылдау түйсіктегідей бір анализатордың қызметі емес, бірнешеуінің қызметі.
Қабылдау – бұл заттар мен құбылыстардың өздеріне тән белгілерінің 
мәнін түсінуден оларды тікелей тұтас күйінде сезімдік бейнеге түсіру.
Мақсат бағытына, ерік қатысына орай қабылдау екі формаға бөлінеді: ырықсыз (ниеттелмеген, ерік күшімен, алдын ала белгіленген мақсатпен байланыспаған) және ырықты (мақсат бағдарлы).
Қабылдау түрлері: затты, уақытты қабылдау; қатынастарды, 
қозғалыстарды, кеңістікті қабылдау; адамды қабылдау.
Қабылдауда анализаторлардың басым рөлдеріне байланысты қабылдауды көріп қабылдау, естіп қабылдау, дәм сезіп қабылдау, кинестизиялық қабылдау, сипап сезіп қабылдау деп бөледі. Қабылдаудың күрделі түрлері қабылдаудың бірнеше түрлерінен тұратын жиынтықтан тұрады.
Қабылдаудың негізгі қасиеттері: Тұтастығы, мағыналығы, таңдамалылығы, тұрақтылығы, иллюзия, апперцепция.
Тұтастылығы - қабылдаудың объектісі кейбір жеке қасиеттерден, жеке бөліктерден тұрғанымен, біз оларды бүтіндей тұтастай қабылдаймыз.
Мағыналығы – бұл ерекшелікте қабылдаудың түйсіктерден негізгі айырмашылығы жақсы көрінеді. Ол объектілердін мазмұнын жақсылап түсінбейінше, белгілі тұжырымдар мен сөз арқылы айтылмайынша, ол толық қабылданбайды.
Таңдамалылығы- толық объектілердің ішінен біреуін іріктеуіміз қабылдаудың таңдамалылығы делінеді.
Тұрақтылығы – қабылдау тұрақтылығы деп сыртқы орта жағдайының өзгеруіне қарамастан, кейбір қасиеттерінің бір қалыпты болып қала беруін айтамыз.
Иллюзия – әрқашанда қабылданатын затқа, не құбылысты қабылдау сәйкес келе бермейді. Түрлі себептермен шындықты бұрмалап теріс қабылдайтын кездерде болады.
Апперцепция – қабылдау адамның жалпы психикалық тұрмысы мен өткен тәжірибесінің мазмұнына байланыстылығын апперцепция дейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет