Даралық — түрлі тәжірибе, білім, пікір, сенім, мінез-құлық, темпераменттермен көрініс береді. Даралық негізгі параметрлері: себеп, темперамент, қабілет, мінез.
Тұлға: түсінігі, құрылымы
Психологиялық ғылымда “тұлға” категориясы іргелі ұғымдардың қатарына жатады. Бірақ “тұлға” ұғымы тек психологияға тән емес, ол барлық қоғамдық ғылымдармен зерттеледі, оның ішінде философиямен, әлеуметтанумен, педагогикамен, т.б.
Адам санасының дамып, өсіп жетілуі оның ортасымен (отбасы, мектеп т.б.) тығыз байланысты. Сондықтан тұлға психологиясын дұрыс ұғыну үшін, ең алдымен, оның әлеуметтік жағдайын, яғни оның қандай ортаның өкілі екендігіне, сондай-ақ оның көзқарасы, наным-сенімі, бағыт-бағдары білімі мен іс-тәжірибесі, икем-бейімділігі, нақты кәсібі, білімі бар екендігіне назар аударуымыз қажет.
Қазіргі уақытта тұлға – психологиядағы ең көкейкесті мәселелердің бірі болып отыр. Өйткені қоғамымыздың қарқынды әлеуметтік дамуы, жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыруға жоғары талап қояды.
Қоғамдық ғылымдарда және күнделікті тұрмыста «адам», «тұлға», «индивид» яғни, «даралық» ұғымдары қолданылады. Бұл ұғымдар бір мағынада не бір-біріне қарама-қарсы қойылады. Бұның екеуі де қате пікір. «Адам» бұл биологиялық тіршілік иесі, «Тұлға» - қоғамда белгілі бір орны бар адам, «Индивид» жеке дара, «субъект» – іс-әрекет ете алу қабілеті бар саналы жеке тұлға
Сонымен, тұлға дегеніміз ол тұрақты психологиялық сипатамалар жүйесінде алынған нақты адам. Ондай сипаттамалар қоғамдық байланыс пен қатынастарда көрініс беріп, адамның өзі мен оны қоршағандар үшін маңызды орын алады, оның адамгершілік қылықтарын айқындайды және оның өзіне,ортасы үшін маңызды мәнге ие.
Тұлға психологиясының дамуының негізгі кезеңдері. Антикалық философтарың еңбектеріндегі тұлға мәселесі
Фрейд теориясы Фрейд бойынша тұлғаның даму кезеңдері 5-ке бөлінеді
Оральдық кезең – 0-1 жас аралығында. Ләззатарының негізгі көзі ауыз аймағы боп саналады. Ему тағамдық рахатпен байланысты, біраз уақыттан кейін либидолық әрекет болып келеді.
Анальдық кезең – 1-3 жас аралығында. Либидо тазалыққа үйретілетін баланың зейін объектісі болып келетін анус айналасында жинақталады. Бұл кезеңде толық құралған «Мен инстанциясы», «Ол» импульстарын басқаруға қабілетті.
Достарыңызбен бөлісу: |