Психологияның дербес ғылыми пән ретінде



бет11/12
Дата18.01.2024
өлшемі39.14 Kb.
#489335
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Психологияның дербес ғылыми пән ретінде қалыптасуы

Түйсіктің негізгі қасиеттері мен сипаттамалары
Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерінің сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінен пайда болған мидағы бейнелерді түйсік деп атайды. Түйсік арқылы заттардың түсін, иісін, дәмін, қатты-жұмсақтығын т б. осы секілді қасиеттері ажыратылады. Түйсіктер заттар мен нәрселердің тек жеке қасиеттерін ғана мида бейнелейді.
Түйсіктердің түрлерін үш топқа бөлуге болады.

  1. Сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың жеке қасиеттерінің бейнесі болып табылатын түйсіктер. Бұлардың рецепторлары дененің бетінде немесе оған жақын орналасқан. Осындай сыртқы анализаторлардың рецепторларын экстерорецептор деп атайды. Бұған көру, есту, иіс, дәм, тері түйсіктері жатады.

  2. Ішкі мүшелеріміздің күйін бейнелейтін түйсіктер

  3. Дене мүшелерінің қозғалысы мен бірқалыпты орналасуын қозғалыс түйсіктер хабарлап отырады.



Зейіннің негізгі сипаттамасы. Н.Н.Ланге бойынша зейін теориясының классификациясы.
Зейін деп - адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылысты айтады. Дәлірек айтқанда, зейін дегеніміз айналадағы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соган психикалық әрекетімізді тұрақтата алу.
Зейін ырықты, ырықсыз және үйреншікті болып үшке бөлінеді. Ырықсыз зейін.
Ырықты зейін - әрекетті саналы түрде ерік күшін жұмсау арқылы орындалуынан көрінеді. Бұл зейінді ерікті немесе белсенді зейін деп те атайды.
Зейіннің үшінші түрі - үйреншікті зейін. Үйреншікті зейін - адамға табиғи сіңісіп кеткен, арнайы күш жұмсамай-ақ орындалатын зейін.Үйреншікті зейін ырықты зейіннен кейін жасалады.
Н.Н. Ланге бойынша зейін процесі мен оның психологиялық табиғатын зерттейтін бағыттарды топтастыру. Н.Н. Ланге зейіннің табиғатын түсінудегі негізгі ықпалдарды талдай келе, барлық теориялар мен концепцияларды бірнеше топқа біріктірді.
Зейін мынадай қасиетімен сипатталады: көлемі, бөлінуі, шоғырлануы, тұрақтылығы, ауысуы.
Зейіннің көлемі – бұл адамның бір мезгілде қабылдаған обьектілердің саны.
Зейіннің бөлінуі деп - адамның кез келген іс-әрекет үстінде бірнеше объектіге бір мезгілде зейін аудара алатындығынан көрінеді.
Зейіннің шоғырлануы адамның жұмылу күшін сипаттайды және жаңа тітіркендіргіштің бұрынғы доминантаны өшіріп, жаңасын жасау үшін қажетті күшімен анықталады.
Зейіннің тұрақтылығы деп - оның объектіге ұзақ уақыт бағытталуынан айтады.
Зейіннің аударылуы - деп бір объектіден екінші объектіге назарымызды әдейі ауыстыруды айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет