жіктелуі,технологиясы. Жаңа аэрозолды қаптамалар.
Аэрозолдер – газдыортадатаралған сұйықтықтың немесе қатты бөлшектердің тамшылары
түріндегі дәрілік түр. Негізінен, технологиясы жағынан алсақ, аэрозоль –қысым астындағы
герметикалық баллондағы дәрі деп айтамыз.
Дәрілік түрдің артықшылықтары:
-аэрозольді қаптаманың ыңғайлылығы, гигиеналық тазалығы;
- тез емдік әсер, дәл дозалануы;
- дәрілік зат сыртқы орта жағдайлары әсеріне ұшырамайды;
-жоғары стерильділіктің сақталуы және т.б
Алайда, кемшіліктері де жоқ емес:
- жарылу қаупі;
- атмосфералық ластану;
- салыстырмалы құны арзан емес.
Медициналык тәжірибеде аэрозольдердің екі тобы қолданылады - ингаляциялық
(Aerosola interna) және сырт тәнге қолданылатын аэрозольдер (Aerosola externa).
Ингаляциялық аэрозольдер.Дәрілік затгарды ингаляциялық жолмен тыныс жолдары мен
жұтқыншаққа жіберу үшін шашыратқан кезде бөлшектердің көлемдері 0,5 мкм-ден 5-10
мкм-ге дейін болуы керек.Аэрозоль бөлшектерінің көлемдеріне байланысты дәрілік заттар
тыныс жолының эртүрлі бөлімдеріне түсуі және сіңірілуі мүмкін.10-15 мкм-ден ірі
бөлшектер толығымен мұрын қуысында шөгіп қалады; 5 мкм-ден кіші бөлшектер
бронхиолада шөгеді;ал көлемі 0,5-4 мкм бөлшектер альвеолаға өтіп кетеді.
Ингаляциялық аэрозольдың дисперстік фазасының бөлшектерінің тиісті көлемдері
клапанды-шашыратқыш системаны тандап алу және баллонның ішіндегі концентрат (20%
аспау керек) пен
сүйык пропелленттің (80%) сандық мөлшері бойынша қамтамасыз етіледі.
Ингаляциялық аэрозольдер: Ингалипт, Камфомен,Каметон, Пропосол және т.б.
Сырт тәнге қолданылатын аэрозольдер. Медициналық тәжірибеде сырт тәнге арналған
аэрозольдер дерматологияда, гинекологияда, проктологияда, хирургияда кең қолданылады.
Сырт тәнге қолданылатын аэрозольдер иісті, көпіршікті жэне пленка түзгіш аэрозольдер
болып бөлінеді.
|