13-сабақ. Мәтінмен жұмыс істеу
Бөлімі
|
III бөлім. «Сөзбе-сөз (ортақ тақырыптар: «Менің мектебім», «Менің туған жерім».
|
Педагогтің аты-жөні
|
|
Күні
|
|
Сыныбы
|
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Мәтінмен жұмыс істеу
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
|
2.4.2.3 кейіпкерлер арасында мәтіндік диалог ұйымдастыру;
|
Сабақтың мақсаты
|
Барлық оқушы үшін:
Ата мен немере диалогі. Отан, туған жер туралы әңгімелейді.
Оқушылардың көбі үшін:
«Әке мен бала» жобасын жасайды.
Кейбір оқушылар үшін:
8сгаісһ-те кейіпкерлер арасында мәтіндік диалог ұйымдастыруды үйренеді.
|
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/уақыты
|
Педагогтің іс- әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі (1-7 мин.)
|
Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
І. Қызығушылықты ояту. «Арқаға сурет салу» ойыны
Ойынның шарты: Бұл ойында барлық әрекеттерді үнсіз жасау керек. Оқушылар екі топқа бөлініп, бірінің соңынан екіншісі тұрып, сап түзейді. Мұғалім ең соңында тұрған оқушыларға бір заттың атауы жазылған қағаз ұсынады (мәселен, алма, алмұрт, жүзім, гүл, кітап, ағаш, автомәшине т.б.).
Тапсырма: соңында тұрған оқушы үндемей, алдында тұрған оқушының арқасына әлгі заттың суретін саусағымен салады. Арқасына сурет салынған оқушы алдында тұрған оқушының арқасына өзінің арқасына салынған заттың суретін салады. Суреттер салынып біткеннен кейін, мұғалім соңғы оқушыдан арқасына салынған заттың атын сұрап, оны қағазда жазылғанмен салыстырады.
Бұл ойын оқушыларға псиологиялық жағымды көтеріңкі көңіл күй орнатады.
|
Топтастыру
|
Топтастыру. «Төрттік» әдісі
Сыныптағы оқушыларға «әке», «ана», «бала», «ата» деген жазулары бар парақшалар таратылады, сол аттары бойынша 4 топқа бірігеді. Сонымен қатар әке, ана, бала, ата туралы әннің бір шумағын ғана орындату арқылы сергіту жаттығуын жасайды.
Мақсаты: оқушыларды қатыстыру арқылы барлығын теңестіру, бір-біріне жақындастыру.
Тиімділігі: оқушының бір-біріне деген бауырмалдығы оянады, ынтымақтастығы артады.
|
(МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі
|
Мұғалім төмендегі сұрақтарды оқушыларға қойып, суреттерді интерактивті тақтадан көрсетеді. Оқушылар
|
1-суретте ата мен немере диалогі бейнеленген.
-Олар не туралы әңгімелесіп жатыр деп ойлайсың?
-Отан, туған жер туралы отбасыңда кімдер әңгіме қозғайды?
|
Мұғалім белсенділік танытқан оқушыларды «Отшашу» әдісі бойынша бағалайды.
|
|
|
ұжымдық үлгіде білгендері бойынша өз ойларын айтып, жауап береді.
|
-8сгаісһ-те кейіпкері сөйлейтін жобалар құрып көрдің бе?
|
|
|
Жаңа сабаққа дайындық
|
Жаңа сабаққа дайындық ретінде «Сұрақ-жауап» әдісін қолданып, талқылау жұмысын жүргізу. Қандай да болмасын бір ақпарат (мәлімет, проблема, сұрақ) туралы бар білгендерін жазбаша немесе ауызша түрде жеткізеді.
Ұжымдық талқылауда оқушыға сұрақ қою мен проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді. Пікірлерінің еркін айтылуы, ешқандай сынға ұшырамауы керек, қағазға түсіруге де, ауызша талқылау жұмысын жүргізуге де болады.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім интерактивті тақта арқылы сабақтың тақырыбымен, мақсатымен және бағалау критерийлерімен таныстырады.
|
Сабақтың ортасы (31 мин.)
|
ІІ. Мағынаны ашу (білімді өзектендіру үшін).
(МК, Т) Оқулықпен жұмыс Оқушылар оқулықтағы «Жаңа білім» айдарымен берілген ақпаратпен танысады. Оқу уақыты біткен соң топпен талқылау жүргізіледі. Мұғалім топтық талқылауға қатысады. Оқушылар тарапынан сұрақтар қойылады, мұғалім сұрақтарға жауап береді.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |