Р. А. Қадырқұлов, Н. К. Берістемова цифрлық сауаттылық



бет36/93
Дата19.09.2023
өлшемі219.61 Kb.
#477978
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   93
Cifrlyk Sauattylyk Metodika 2 kl Kaz alter

Дескриптор
•Жаңа тақырыптың мәтінін оқиды, танысады.
•Топтар арасында талқылайды.
•Бір-біріне сұрақтар қойып, түсінбеген жерлерін толықтырады.

Топтар бір-бірін сабаққа қатысқан белсенділігіне қарай «Отшашу» әдісі бойынша бағалайды.

Интерактивті тақта




(МК, Ө) Практикалық жұмыс Оқулықта берілген практикалық тапсырмаларды мұғалімнің көмегімен компьютерде орындайды. Бұл тапсырманы орындау арқылы оқушылар өздігінен келесі тапсырманы орындауға бейімделеді.

Тапсырма: Жобаның фонына даланың суретін, 1-кейіпкер ретінде баланың, 2- кейіпкер ретінде әкенің суретін дайындаймыз (2-сурет).

Оқушылар өзін- өзі «Отшашу» әдісі бойынша бағалайды.

Интерактивті тақта







(Ө) 1- тапсырма 3 және 4- суреттегі жоба скриптілерін талда. Келбет (Внешность) блогына жататын командалардың тізімін жаса. Бұл командалардың жобадағы қызметін ата.

Дескриптор
-Суреттерде берілген жоба скриптісін талдайды.
-Келбет (Внешность) командасының тізімін жасайды.
Команданың атқаратын қызметін атайды.

Оқушылар өзін- өзі «Отшашу» әдісі бойынша бағалайды.

Интерактивті тақта




(Ж) 2-тапсырма Әке мен баланың диалогіне тағы бір-бірден сөйлем қосу үшін жоба скриптісіне өзгеріс енгізіңдер.

•Берілген тапсырманы өзара талқылайды.
•Дайын жоба скриптісіне өзгеріс енгізеді.
•Әке мен бала диалогіне сөйлем қосады.

Оқушылар бірін-бірі тапсырма орындау деңгейіне байланысты «Отшашу» әдісі бойынша бағалайды.

Интерактивті тақта




(Ж) 3- тапсырма. «Әке мен бала» жобасын «(!» мен «Г» пернелері арқылы басқару үшін скриптілерге жасалатын өзгеріс алгоритмін ұсыныңдар.

Дескриптор
•Жұптасып тапсырманы талқылайды.
•Жобаға жасалатын өзгеріс алгоритмін ұсынады.

Оқушылар өзін- өзі «Отшашу» әдісі бойынша бағалайды.




Сабақтың соңы (7 мин.)
Сабақты бекіту. Рефлексия

ІІІ. Ой
толғаныс. Рефлексия.
(Ө) «Еркін микрофон» әдісі бойынша бүгінгі сабақтан алған әсерін, нені оқып зерделегенін, нені үйренгенін айтады.

«Жоба кейіпкерлерін сөйлетудің қандай маңызы бар?»

Мұғалім белсенділік танытқан оқушыларды «Отшашу» әдісі бойынша бағалайды.




Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай
тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулығын және қауіпсіздік ережесін сақтау.

«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».
Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.

«Отшашу» әдісі.

Денсаулықты сақтау технологиялары. Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын. Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік ережелерінің тармақтары орындалады.

Жалпы бағалау
Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту және сабақ беру туралы не айтасыз? 1:



2:
Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту және сабақ беру туралы не айтасыз?



Мен сабақ кезінде сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері, қиыншылықтары туралы нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аударуым керек?



14-сабақ. Мультфильм жасау

Бөлімі

3-бөлім. «Сөзбе-сөз (ортақ тақырыптары: «Менің мектебім», «Менің туған жерім»)

Педагогтің аты-жөні




Күні




Сыныбы

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Мультфильм жасау

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

2.4.2.3 кейіпкерлер арасында мәтіндік диалог ұйымдастыру;

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушы үшін:
Мультфильмнің қалай жасалатынын және өзінің қай тақырыпта мультфильм жасағысы келетіні туралы әңгімелейді.
Оқушылардың көбі үшін:
8сгаісһ-те мультфильм жасау жолдарын біледі.
Кейбір оқушылар үшін:
8сгаісһ-те кейіпкерлер арасында мәтіндік диалог ұйымдастыруды үйренеді.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің іс- әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі (1-7 мин.)

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
І. Қызығушылықты ояту: «Бұлт үстіндегі саяхат» ойыны
Нұсқау: көздеріңді жауып, ыңғайлы отырыңдар. Екі-үш рет терең дем алыңдар. Мен сендерді бұлт үстімен саяхаттауға шақырмақпын. Томпақ жастықтардан құралған жұмсақ тауға ұқсаған аппақ мамық бұлт үстіне секіріңдер. Аяқтарың, арқаларың, барлық денең осы үлкен бұлт жастыққа ыңғайлы орналасқанын сезініңдер. Саяхат басталады. Бұлт жайлап, көк аспанға көтеріледі. Самал жел беттеріңнен сипайды. Биік аспанда мүлгіген тыныштық орнаған. Бұлт сендерді өздеріңді бақытты сезінетін жерге жеткізеді. Бұл жерде сендер өздеріңді байсалды сезінесіңдер. Осы жерде ғажайып және таңқаларлық оқиға орын алуы мүмкін....(30 секунд). Енді сендер тағы да бұлт үстіндесіңдер. Ол сендерді қайтадан сынып ішіне әкеле жатыр. Бұлттан түсіп, оған рақмет айтыңдар... Бұлт ақырындап ауада ыдырай бастайды. Қолдарыңды созып, көздеріңді ашыңдар. Сендер сергек, ширақ әрі зейіндісіңдер.

Топтастыру

Топтастыру. «Атомдар мен молекулалар» әдісі
Молекулалар атомдардың жиынтығы екендігі баршаға мәлім. Оқушылар сыныптың бос жеріне жиналады. Ойынды жүргізуші «Атомдар!» деп дауыстағанда, олар бір- бірімен араласып, әрлі-берлі жүруі керек, өйткені олар қазір броундық қозғалыстағы атомдар іспетті. Ал жүргізуші «Молекулалар!» деп, бір санды атаса (мәселен, үш немесе төрт, бес, алты) оқушылар сол аталған сан құрамында топтарға жедел түрде бірігуі керек. Қалыс қалған оқушылар (топ құрамын аталған саннан кем құрғандар) айып ретінде бір тапсырма орындайды: өлең оқиды, ән айтады т.с.с. Ойынның нәтижесінде құралған топтар сол құрамда парталарға да отыруына болады. Олар сабақты осы құрамда жалғастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет